Page 81 - Педагогика
P. 81

ТҰҚЫМДАСТЫҚ  АССОЦИАЦИЯСЫ













              Б    із  бір  нәрсені  суреттесек,  соған  тұқымдас,  ұқсас  екінші

                   нәрсе бір орында, бір уақытта болмаса да, ана нәрсеге ѳзі
              еріп  суреттеледі.  Тұқымдастық  ассоциациясы  дегеніміз  осы.
              Тұқымдастық    ассоциациясы     екі   түрлі:   1)   ұқсастық
              ассоциациясы һәм 2) қарсылық (контраст) ассоциациясы.
                 Ұқсастық ассоциациясы. Біз бір нәрсені суреттесек, соған
              ұқсас  екінші  бір  нәрсені  де  суреттейміз.  Мысалы,  біз  бір
              адамды  суреттесек,  сол  адамымыз  пішіні,  сѳзі,  жүріс-
              тұрысымен  біздің  бір  досымызға  ұқсайтын  болса,  сонда  біз
              мынау досымызды да суреттейміз.
                 Осы  ұқсастық  ассоциациясы  бойынша  оқуды  тез  һәм
              жақсы  меңгеріп  алу  үшін  оқу  материалын  концентр  қылып
              құрудың  керектігі  келіп  шығады.  Концентр –  бір  пәнді
              басқыштап, кеңейтіп оқыту деген сѳз.
                 Қарсылық  ассоциациясы.  Бір  нәрсені  суреттегенде  соған
              тіпті  ұқсамайтын  қарама-қарсы  нәрсені  суреттеуге  болады.
              Қысты суреттегенде – жазды суреттеу, қараны суреттегенде –
              ақты суреттеу, байды суреттегенде кедейді суреттеу сықылды.
              Бұл  қарсылық  ассоциациясы  тұқымдастық  ассоциациясына
              жатады. Себебі біз тұқымы жат екі нәрсені бір-біріне байлай
                                          77
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86