Page 86 - Педагогика
P. 86

Адамның  жасындағы  ѳзгеріске  қарап  ес  ѳзгерісі.
        Бастапқы  кезде  нәрсені  еске  шабан  алып,  тез  ұмытады.  Естің
        аса  күшті  болатын  кезі  –  7  мен  15  жас  арасы.  Сыртқы
        дүниемен,  адамзат  тұрмысымен  жаңа  таныс  болып  келе
        жатқанда  адам  бір  нәрсені  білуге,  бар  білгенін  есте  ұстауға
        ұмтылады.    Естің   қатынасуын    қатты   керек   қылатын
        ғылымдарды  үйренуге  нағыз  қолайлы  шақ –  осы  7  мен  15
        арасы. Бұл жеткіншектік шағы деп аталады. Бұл жасында бала
        ѳмірлік білім даярлайды. Яғни бұл жаста баланың міндеті ой
        жүргізіп  білімді  іске  асыру  емес,  білімді  молайта  беру,
        даярлай  беру,  бар  нәрсені  еске  ала  беру.  Ал  енді  жігіттік
        жасында адам жаңадан жаттай беруге емес, бар білімді оймен
        тереңдетуге  ұмтылады.  Жігіттіктен  соңғы  кекселік  шағында
        адам  ойын  белгілі  бір  бетке  салып,  ѳзінің  ұстаған  жолына
        қатынасы  бар  нәрселерді  ғана  еске  алатын  болады.  Ал  енді
        шалдық  шағында  адамның  есі  бірте-бірте  сѳне  бастайды.  Бір
        нәрсені тез еске алмайтын, алса, тез ұмытып қалатын болады.
        Шалдық шағында адамның жас күніндегі естері кѳзге елестей
        береді. Шалдардың жастық шағын кеңес қыла беретіңдері сол.
        «Балаларым,  тегі,  мен  қартайсам  керек,  жастықтағы  істерімді
        кѳп айта беретін болдым-ау!» – депті Абылай хан.

























                                     82
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91