Page 89 - Педагогика
P. 89

Мылқау ѳмірге үн беретін, сақау ѳмірге тіл беретін, жоқты бар
              қылатын,  барды  гүлді,  кѳрікті  қылатын,  бізді  арсыға  аяқ
              басқызып,  тәңірімен  тілдестіретін –  сол  фантазия.  Осы
              фантазияны  қазақтың  ең  терең  сыршыл  ақыны  Шәңгерей
              Бѳкеев мынадай деп суреттейді:
                 Таудағы тас ұядан,
                 Лашындай сарыққан қиядан
                 Шалқып сѳзім шығады,
                 Ойласам пікір-қиялдан.
                 Аспалап қиял кетеді,
                 Шыққан оқтай жаядан.
                 Жасындай барып жалт етіп,
                 Кѳк капусын ашады,
                 Жарығына алданып,
                 Дидарға қадам басады...
                 Баланың қиялын – фантазиясын тәрбие қылу жолдары.
              Біз  жоғарыда  қиял  деген  жандағы  бір  суреттеулерден  жаңа
              суреттеу жасау дедік. Бұдан кѳрінеді: қиял терең һәм бай болу
              үшін жанды суреттеулер кѳп болу керек екен. Адам неғұрлым
              білімді,  тәжірибелі  болса,  қиялы  да  сонша  бай  болсын  десек,
              оның  білімді  болуына  ыждиһат  қылу  керек.  Бала  тұрмыспен
              кѳзбе-кѳз таныссын. Оның есінде, жанында кѳп білім болсын,
              жан-жануардың     тұрмысын     бақыласын.   Жаратылыстың
              тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың қиялы ѳткір
              һәм бай болмақ.
                 Қиялды  ѳркендетудің  екінші  жолы –  баланы  қиялды  аса
              керек  қылатын  ғылымдармен  таныс  қылу:  әдебиет,  тарих,
              жағрафия, жаратылыс сықылды.
                 Сѳз арасында арнап қазақ баласының қиялы туралы бір-екі
              сѳз  айтып  ѳтейік.  Жаратылыстың  құшағында,  меруерт
              секілденген  кѳк  шатырдың  астында,  хош  иісті  жасыл  кілем
              үстінде күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге
              жүгіріп,  алдындағы  малымен  бірге  ѳріп,  сары  сайран  далада
              туып,  ѳсетін  қазақ  баласының  қиялы  жүйрік,  ѳткір,  терең
                                          85
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94