Page 90 - Педагогика
P. 90
болуға тиісті. Бірақ қазақ қиялы тәрбие кѳрген жоқ, әлі тағы,
әлі бала. Біз күндер, жылдар ѳткен соң қазақ қиялы тәрбие
алып, тереңдеп, адамзат дүниесін бастайтын бір жарық
жұлдыз болар деп иманымыз кәміл.
Тағы бір сѳз. Орыс учительдерінің аузыңда және солардан
сабақ алған қазақ оқығандарының аузында бір сѳз бар – қазақ
баласы әдебиет, тарих сықылды ғылымдарға зерек болмайды,
бәлки математика, есеп пәніне зерек болады деген. Мен бұл
пікірді қате ме деп ойлаймын. Менің ойымша, қазақ баласы
математикаға емес, әдебиет, тарих, жағрафия, жаратылыс
сықылды ғылымдарға зерек болуға тиісті. Дәлелім: қазақ
баласының жаратылысы осыны тілейді. Баланың атаға тартуы
рас болса, сиқырлы даланың баласы қазақ баласы да
қиялқұмар болуға тиісті. Яғни ол әдебиет, тарих сықылды
қиялды кѳп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті. Ал
енді орыс школасында оқыған қазақ баласының
математикашыл болуы: әдебиет, тарих сықылды ғылымдарды
сѳйлеуге, жазуға орыстың тілін білмеген соң бейшара қазақ
баласы тіл керек қылмайтын математиканы, есепті
айналдырмағанда қайтсін.
Баланың фантазиясы һәм оның ѳркендеуі. Балада қиял
ерте оянады. Бірақ оның жанында суреттеулер аз
болғандықтан, қиялы да бай емес. Әйткенмен де бала
әсерленімпаз болғандықтан, оның аз, тайыз қиялы ашық,
жанды болады. Бала түсін ѳңім деп біледі. Балаға дүниедегі
бар заттың бәрі жанды сықылды кѳрінеді. Баланың түсінуінше
дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ. Бәрі мүмкін, бәрі болатындай.
Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады. Жоғарғы ерні қыбырлап,
тѳменгі ерні жыбырлап Қобыландының Тайбурылы сѳйлейді
десең, кѳк ешкінің құйыршығы жұлынып қалған соң, бір
құйыршық бала болыпты десең, қотыр тай құрық салғанда
құнан болды, жүгендегенде дѳнен болды, ерттегенде бесті ат
болды десең, бала осылардың бәрін шын кѳреді.
Ертегі. Жан тұрмысы ѳркендеу үшін, яғни ойы, ақылы
86