Page 93 - Педагогика
P. 93
ОЙЛАУ
О йлау ұғымы. Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял
жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, яки
оның бѳлімдерін, мүшелерін білеміз. Мысалы, мен бір
жылқыға қараймын, оның бар мүшелерін, ол мүшелердің
қандай екенін һәм қандай қызмет атқаратынын байқаймын.
Осылай тексеріп қараған соң сол жылқы кѳз алдымнан кетсе
де, мен оны суреттей аламын, бірталай заман ѳтсе де мен оны
еске түсіре аламын. Егер кѳп жылқыны кѳрген болсам, қиял
жүргізіп, басқа түрлі жылқыны да суреттей аламын. Мысалы,
бір арғымақ жылқы болар деп ойлай аламын. Міне, менде осы
жоғарыда айтылған жан кѳріністері болса, мен жылқыны
білген боламын. Тағы мен жылқыны қарап, тексеріп тұрып
мынадай нәрселер істеймін: жылқыға мына мүшелер неге
керек екен, мына бір мүше болмаса, жылқыға не болар деп
ойлаймын, яғни жылқының мүшелерінің арасыңдағы
байламды табамын. Бұл ғана емес, тағы ойлаймын, жә,
жылқының мүшелерінің арасында мынадай байлам бар екен.
Бұл жылқының мүшелері қойдың мүшелеріне ұқсай ма –
ұқсайды. Жылқының ана мүшесі қойдың ана мүшесіндей,
мынасы мынасындай. Ә, қой мен жылқы, екеуі де тѳрт аяқты
89