Page 97 - Педагогика
P. 97
тұқым ұғым, әрі түр ұғым болуға мүмкін. Мысалы, «адам»
деген ұғым «қазақ» деген ұғымға қарағанда, жалпы һәм тұқым
ұғым. Ал енді сол «адам» ұғымы «жанды зат» деген ұғымға
қарағанда дербес һәм түр ұғым.
Ѳзінің қомағына басқа ұғымдарды алатын ұғым соның
қомағына кіретін ұғымдарға қарағанда бағындырушы ұғым
деп аталады. Ал енді бағындырушы ұғымның қомағына кіретін
ұғымдар бағынушы ұғым деп аталады. Жоғарғы бір ұғымға бір
дәреже бағынатын ұғымдар бірге бағынатын ұғымдар деп
аталады. Мысалы, «ағаш» ұғымы терек, қайың, қарағайға
қарағанда бағындырушы ұғым, терек, қайың, қарағай
бағынушы һәм бірге бағынушы ұғымдар.
Жалпылау һәм шектеу. Дербес ұғымдардан жалпы ұғым
жасау жалпылау деп аталады. Мысалы, біз ағаштардың,
шѳптердің, гүлдердің дербес сындарын алып тастап, ортақ
сындарын ғана алып, ѳсімдік деген жалпы ұғым жасаймыз. Ал
енді жалпы ұғымдардан дербес ұғымдар жасау шектеу деп
аталады. Мысалы, біз сындарды қоса- қоса қайың деген ұғым
жасаймыз.
Категория. Бір ұғымдарды жалпылай-жалпылай ең
жалпы, ең жоғарғы ұғымға жетеміз. Ең жалпы, ең жоғарғы
ұғым категория деп аталады. Категория үшеу:
1) зат (адам, жануар, тас, зат);
2) сын (түс, түр, сын);
3) іс (сѳйлеу, бѳлу, істеу).
93