Page 99 - Педагогика
P. 99

сынын  затпен  бірге  ойлап  отырмыз.  Екіншіде  қызыл  сынын
              шеттен алып келіп бекітіп отырмыз.
                 Хұкімдердің  бѳлінуі.  Хұкімдер  былай  бѳлінеді:  1)
              жасалуына  қарап,  2)  қомағы  яки  санына  қарап,  3)  іші  яки
              сынына  қарап,  4)  ие  мен  айтылыс  арасындағы  байланысқа
              қарап, 5) хұкімнің шындық дәрежесіне (модальность) қарап.
                 1)  Хұкімнің  жасалуына,  яғни  біз  иеге  айтылысты  қайдан
              алып отырмыз, соған қарап екіге бѳлінеді;
                 а) шешетін хұкім (анализ хұкімі). Егерде иеге сол иенің ѳз
              ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, шешетін хұкім жасаған
              боламыз. «Кѳмір қара, қар суық» деген сықылды;
                 б)  қоспа  хұкім (синтез  хұкім).  Егерде  біз  иеге  сол  иенің  ѳз
              ішінде  жоқ  бір  сынды  айтылыс  қылсақ,  қоспа  хұкім  жасаған
              боламыз. «Құлақ құлдыр, шаш сары» деген сықылды.
                 2) Қомағы яки санына қарап хұқім үшке бѳлінеді:
                 а)  жалпы  хұкім.  Егерде  ие  қомағы  таратылмай,  ѳзіне
              бағынатын  дербес  ұғымдардың  бәрімен  кәдімгі  күйінде
              алынып  хұкім  жасалған  болса,  мұндай  хұкім  жалпы  болады.
              Адам ақылды деген сықылды;
                 б)  дербес  хұкім.  Егер  иенің  бұрынғы  қомағы  таратылып
              алынып  хұкім  жасалған  болса,  –  бұл  хұкім  дербес  болады.
              «Кей адам ақын болады» деген сықылды;
                 г)  жалқы  хұкім.  Егер  иеміз  жалқы  болса,  хұкім  де  жалқы
              болады. «Абай ақын болған» деген сықылды.
                 3) Ішіне яки сынына қарап хұкім екіге бѳлінеді:
                 а)  бекітетін  хұкім.  Айтылыс  сын  иеге  жапсырылып
              бекітілсе,  бекітетін  хұкім  болады.  «Жылқы  шабады»  деген
              сықылды;
                 б) бекітпейтін хұкім. Айтылыс иеге бекітілмей, бекерленсе,
              бекерлейтін хұкім болады. «Жылқы ұшпайды» деген сықылды.
                 4)  Ие  мен  айтылыс  арасындағы  байламға  қарап  үшке
              бѳлінеді:
                 а) кесімді хұкім. Егерде сын (айтылыс) затқа (иеге) күдіксіз,
              шартсыз байланатын болса, «адам ѳледі деген сықылды;
                                          95
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104