Page 102 - Педагогика
P. 102

пайдасы  тиеді.  Жай  тұрмыс  үшін  де  дедукция  кѳп
        қолданылады.  Мысалы,  доктор  әрбір  аурудың  жалпы
        сындарын  білген  соң,  ауырып  жатқан  бір  адамның  ауруы  не
        екенін табады.
           Силлогизм –  дедукцияның  кѳп  қолданылатын  түрі.
        Силлогизм  бағыты –  екі  хұкімнен  жаңа  бір  хұкім  шығару.
        Жаңа  шығарылған  хұкім  нәтиже  деп  аталады.  Нәтиже
        шығарылған  екі  хұкім  қазба  деп  аталады.  Қазбалар  һәм
        нәтиженің  ішіндегі  ұғымдар  термин  деп  аталады.  Былайша
        нәтиженің  айтылысы –  зор  термин,  нәтиженің  иесі –  кіші
        термин. Ал енді қазбалардың ішінде болып, нәтиже болмаған
        ұғым орта термин деп аталады. Орта термин зор термин мен
        кіші терминді байлайды. Ал енді ішінде зор термин бар қазба
        зор  қазба  деп,  ішінде  кіші  термин  бар  қазба  кіші  қазба  деп
        аталады.  Мысалы,  «адам  ѳледі,  Сәрсембай –  адам,  ендеше
        Сәрсембай ѳледі» деген сықылды. Силлогизмде «ѳледі» деген
        ұғым –  зор  термин.  «Сәрсембай»  ұғымы –  кіші  термин.
        «Адам»  ұғымы  –  орта  термин.  «Адам  ѳледі»  –  зор  қазба,
        «Сәрсембай – адам» – кіші қазба.
           Толық  һәм  шолақ  силлогизм.  Үш  бѳлімі  де  түгел,  яғни
        орта,  зор  қазбалары  һәм  нәтижесі  бар  силлогизм  толық
        болады. Ал енді екі қазбасының біреуі түсіп қалған силлогизм
        шолақ  силлогизм (интимема)  болады.  Мысалы,  біз «Адам
        ѳледі,  ендеше  Сәрсембай  ѳледі»  десек,  кіші  қазбаны  түсіріп,
        қалдырып,  шолақ  силлогизм  жасаған  боламыз,  сѳйлегенде
        кѳбінесе осы шолақ силлогизм қолданылады.
           Силлогизмдердің  бѳлінуі.  Силлогизмдер  жабайы  һәм
        күрделі атанып екіге бѳлінеді. Егерде нәтиже екі хұкімнен яғни
        зор  һәм  кіші  қазбадан  ғана  тудырылған  болса,  мұндай
        силлогизм жабайы деп аталады. Жабайы силлогизм ѳзі үшке
        бѳлінеді:  кесімді,  шартты,  һәм  бѳлмелі.  Мысалдар:  а)
        Борышын  жасырған  ѳледі.  Сәрсембай  борышын  жасырды,
        ендеше  Сәрсембай  ѳледі;  б)  Суық  болса,  су  қатып  қалады.
        Кѳлдің суы қатып қалды. Ендеше суық болды; г) Мынау жылқы
                                     98
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107