Page 106 - Педагогика
P. 106

ойлайды. «Пәлен бала тайға мініп жүр, мен неге мінбеймін».
        «Пәлен  баланың  пәлендей  ісін  мұғалім  ұнатпады,  ендеше,
        онда мен ондай іс істемеймін» деп ойлайды бала. Аналогия да
        индукция сықылды кейде қате болуға мүмкін. Қате болуы екі
        зат, яки екі кѳріністің бір-біріне болмашы бір сында бір-біріне
        ұқсауынан барлық сында ұқсайды деп ой шығарудан болады.
        Мысалы,  киімдері  ұқсас  екі  адамның  білімдері  де  бірдей  деп
        нәтиже шығару, әрине, қате.
           Гипотеза.  Кейбір  кѳріністердің  арасындағы  байламды
        бақылауға  мүмкін  болмайды.  Ол  уақытта  біз  бұл  кѳріністер
        туралы  жалпы  заңды  жорып,  болжап  қана  шығамыз.  Жалпы
        заңды  жорумен,  болжаумен  шығару  гипотеза  деп  аталады.
        Мысалы,  физикадағы  әрбір  зат  молекула  аталған  негізгі  ең
        ұсақ бѳлімнен тұрады деген гипотеза сықылды.
           Баланың ойлауы. Бала айналасындағы заттарды, кѳріністі
        біліп  қана  қоймайды,  соларды  ұққысы  келеді.  Яғни  солар
        туралы ұғым жасауға, хұкім һәм ой шығаруға ұмтылады. Үш
        жастан  былай  бала  дамылсыз «Мынау  не?  Бұл  неге  жатады?
        Мынау  іс  не  үшін  істеледі?»  деген  сықылды  сұрауларды  бере
        береді. Міне, осы сұраулар балада ойлау болатынын кѳрсетеді.
        Бірақ  баланың  ойлауы  терең  ойлау  емес.  Балаңың  жанында
        суреттеулер  аз.  Суреттеулерден  ұғым  жасай  алмайды.
        Сондықтан  баланың  бір  зат  туралы  ұғымы  сол  заттың  суреті
        болады. Мысалы, бала ағаш туралы ойлағанда, белгілі бір ағаш
        туралы  ғана  ойлайды.  Баладан «Зат  деген  не?»  деп  сұрасаң,
        «Жылқы» дейді. «Бѳрік деген не?» деп сұрасаң, «Менің бѳркім,
        атамның  бѳркі»  дейді.  Баланың  жаңа  ой  шығаруы  да  терең
        емес.  Дедукция  бойынша  жалпыдан  жалқыға,  индукция
        бойынша жалқыдан жалпыға ой жүргізуді бала білмейді. Бала
        аналогия  бойынша  ойлайды.  Мұнда  да  кѳбінесе  сыртқы
        болмашы  сындарына  қарайды.  2  жыл  10  айлық  бір  бала
        тәрелкеге  су  құйып,  ішіне  ет  салыпты.  Не  үшін?  Етті  суға
        ерітем деп. Бұрын солай қантты еріткені бар екен. 10 жасар бір
        америка  баласының  мұғалімі  тапал  бойлы  ашуланшақ  адам
                                    102
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111