Page 109 - Педагогика
P. 109
ТІЛ
Ж анның жайын жарыққа шығару жолы. Жанның
жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын
сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар: біреуі – мимика,
біреуі – сѳз. Мимика дегеніміз – жанның сырының дене
арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау сықылды).
Мимика тілін әркім-ақ ұғады. Бірақ мимикамен бар нәрсені
ұқтырып болмайды. Мимика – ішкі сезім тілі. Мимика
арқылы ойды жарыққа шығаруға мүмкін емес. Ойдың тілі –
сѳз. Біз сѳз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре
аламыз һәм басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сѳз
болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сѳзбен бекітіп
тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сѳз болмаса,
сѳзбен адамзаттың бірін-бірі ұғысуы болмаса, жер жүзіңдегі
осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді.
Қысқасы, жан кѳріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сѳз.
Тілдің адам ѳмірінде һәм ұлт ѳмірінде ұстаған орны.
Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз
сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық кѳрмей, қор
болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа
шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын
105