Page 111 - Педагогика
P. 111
айдың аяғыңда, үшінші айда бала дауысты дыбыстарға бірте-
бірте дауыссыз дыбыстар да қоса бастайды. Ең алғаш ерінмен
айтылатын дауыссыз дыбыстарды қосады. Сол кезде баланың
жанында суреттеулердің, һәм ұғымдардың ұшқындары да
бола бастайды. Яғни, маңайындағы заттарға қарап, олардан
әсер алып, әсіресе олардың күшті бір сынынан күшті әсер
алады да, сол затқа сол баланың қарауыңда күшті сыны
бойынша ат қояды. Яғни сѳз жасайды. Мысалы, сиырды «мѳ»
дейді, мысықты «мияу» дейді. Екінші түрлі айтқанда, бала
затқа атты сол заттан шыққан дыбысқа еліктеп қояды. Бір
жылдың аяғында бала кѳп сѳздерге түсінетін болады. Бірақ
ѳздері айта алмайды. Бір жасар баланың білетін сѳздері 10-15-
тен артпайды.
Ал енді бала жаңа жүре бастаған кезде (2-нші жаста) оның
сѳз үйренуі біраз тоқтап қалады. Жүріп үйреніп алған соң,
тағы сѳзге кіріседі. Бір жарым жас кезінде бала бірталай сѳз
айта алатын болады. Бірақ түгел айта алмайды. Сѳздің не
басын, не аяғын ғана айтады. Мысалы, баланың ішем дегені де
– «іш», ішеді дегені де – «іш», іш дегені де – «іш». Ал енді бала
айта алмайтын дыбыстың орнына екінші дыбыс қолданады.
Мысалы, «р» орнына «и» жүргізеді. Кейбір адамдардың
баланың ѳз тілінше сѳйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки
баланы еркелетіп әдейі тілдерін бұзып, балаша шолжыңдап
сақау болып сѳйлейтіндері бар. Бұл – зор қате. Бұлай сѳйлеу
баланы түземейді, бұзады. Баланы адастырып, оның сѳзді
дұрыс сѳйлеп үйренуіне бѳгет болады. Бала сѳзін дұрыс
сѳйлеген үлкен кісінің сѳзіне қарап дұрыстайды ғой. Бала
бастап заттардың атын (зат есімдерді), онан соң заттардың ісін
(етістіктерді), онан соң заттардың сынын (сын есімдерді) айтып
үйренеді.
Екінші жылдың аяғында бала қысқа сѳйлемдерді айта
алады. 3–4-інші жылда бала жап-жақсы сѳйлейтін болады.
Бала тілінің дұрыс ѳркендеуінің бірінші шарты балаға сѳзді
бұзып сѳйлемеу керек. Және балаға ұқпайтын жат сѳз
107