Page 113 - Педагогика
P. 113

ІШКІ  СЕЗІМ  КѲРІНІСТЕРІ













              Б    із  жан  тәрбиесіне  кіргенде  жан  кѳріністерін  үшке  бѳліп

                   едік: ақыл кѳріністері, ішкі сезім кѳріністері һәм қайрат
              кѳріністері деп. Ақыл кѳріністерінің қандай түрлерге бѳлінуін
              һәм  оларды  қалай  тәрбие  қылу  керек  екендігін  біз  жазып
              ѳттік. Енді ішкі сезімдерге кѳшеміз.
                 Ішкі  сезімдер.  Адам  бір  нәрседен  әсерлену  алып,  сол
              нәрсемен  таныс  болып  тұрғанда,  адамның  жаныңда  не
              жағымды,  не  жағымсыз  бір  күй  болмай  қоймайды.  Мысалы,
              жағымды  дыбыстан  әсерлену  алғанда,  жан  жағымды  күйде
              болады. Жағымсыздан жағымсыз күйде және болып озған бір
              әсерленуді  суреттеу  жасағанда  да  жанда  не  жағымды,  не
              жағымсыз    күй   болады.   Мысалы,    біз   жақсы   кѳрген
              адамдарымызды суреттесек, жанымыз жағымды күйде болады.
              Жек  кѳрген  адамымызды  суреттесек,  жанымыз  жағымсыз
              күйде  болады.  Қысқасы,  әсерлену  уақытында  яки  суреттеу
              уақытында жанымызда не жағымды, не жағымсыз бір толқын
              болмай  қоймайды.  Міне,  осы  әсерлену  һәм  суреттеу
              уақытында жанда болатын толқын ішкі сезім деп аталады.
                 Әсерлену  мен  ішкі  сезім  арасыңда  кѳп  айырма  бар.
              Әсерлену  дене  мен  жанның  қатынасуымен  болатын  кѳрініс.
                                          109
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118