Page 118 - Педагогика
P. 118
алдыру дұрыс емес. Мысалы, табалдырыққа сүрініп жығылған
балаға табалдырықты ұрғызу яки ұру жѳнге келмейді. Ѳш
алдырып үйрету баланы малға, жанға – бәріне де
қайырымсыз, қатал қылып шығарады.
Қорқу сезімі адам жанында адам бір бақытсыздық
күткенде болады. Қорқу сезімінің бірнеше басқышы бар.
Жеңіл қорқу тынышсыздану деп, қатты қорқу үрей ұшу деп
аталады. Қорқу сезімінің күштілігі келе жатқан қорқыныштың
шамасына, дененің сезімпаздығына байлаулы. Қиялы
бұзылған яки денесі ауру адам қорқақ болады. Корқу сезімі
неғұрлым күшті болса, оның жанға һәм денеге әсері де сонша
күшті болады. Үрей ұшқанда адам қозғала алмай, сѳйлей
алмай қалады. Есінен айрылады, кейде кенет шашы да ағарып
кетеді.
Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі – баланың қиялы
тым тірі һәм денесі әлсіз. Бала желден, сықырлаған есіктен
қорқады, қозыдан, лақтан қорқады, жат кісіге жоламайды.
Әсіресе кѳп қорқытылған бала тым қорқақ болады. Ал енді
қорқытылмай ѳскен бала батыр болады. Мұндай бала қараңғы
үйге кіріп жүре береді. Жалғыз жатып ұйықтай береді. Баланы
қорықпайтын ер қылып ѳсіру үшін оның денесін һәм жанын
сау, берік қылып тәрбие қылу керек. Алдымен баланы ешбір
уақыт қорқытпау керек. Бѳки келеді, жалмауыз кемпір келеді,
пері, жын, шайтан, албасты, обыр келеді деген сықылды
сѳздермен баланы қорқыту қып-қызыл зиян. Мұндай сѳздерді,
ертегілерді, әңгімелерді естіп ѳскен бала ѳмір бойы су жүрек,
қорқақ болады. Жасында қорқытып үйренбеген бала ѳскенде
ер болады. Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген
құр сѳз пайда бермейді. Ерлікке іспен үйрету керек. Мысалы,
қараңғы үйге кіруге қорқатын баланы үлкен адам ѳзі бірге
алып кіргізіп үйретсе, бала қорықпайтын болады. Тырсыл-
гүрсіл, қатты атыс, соғыстың ішінде жүрген адам қорқудың не
екенін білмейді.
Жоғарыда айтылған баланы қорқыту қате деген сѳзден
114