Page 119 - Педагогика
P. 119

балаға  жаза  қылудың  дұрыс  еместігі  келіп  шығады.  Яғни
              баланы  жазамен  қорқыту  еш  дұрыс  емес.  Жазамен
              қорқытқанда  бала  нәрсені  істегісі  келіп  істеп,  болмаса
              істемегісі  келіп  істемейді  емес,  жазадан  қорыққаннан  ғана  не
              істейді, не істемейді. Яғни бала ѳтірік айтуға, алдауға үйренеді.
              Баланы  ұру,  соғу  ісі –  адамшылыққа  ұнамайтын  іс.  Ұрылып,
              соғылып  тәрбие  қылынған  бала  жанының  бар  жақсы
              мінездерінен,  ақылынан,  есінен  айрылып,  миғұла  болады.
              Ѳтірікші, алдауыш болады. Су жүрек, жасқаншақ болады. Ұру
              баланың денесіне де кѳп зиян келтіреді.
                 Қазақта  бала  ұрмайтын  ата-ана  сирек  шығар.  Талай  ата
              «жүгермек»  деп,  талай  ана «кѳкала  келгір»  деп  жап-жас
              балаларын салып-салып жіберіп, сілейтіп тастаушы еді-ау!
                 Әсіресе молдекелер!
                 Таң атқаннан күн батқанша, кѳк шыбық сынғанша сабайды.
              Баланың кѳзі кітаптан кішкене бұрылып кетсе, салып жібереді.
              Қарғыс  тигір  кѳк  шыбықтың  сорлы  баланың  арқасына  шып-
              шып  тимейтін  шағы  бар  ма  еді?  Кѳк  шыбық  тиген  сайын
              қайқаңдап, жас жүрегіміз елжіреп, кѳзіміз ыстық жасқа толып,
              зарменен  әліпсін-ә,  әлбәсін-әй  деп  талайымыз  отырмап  па
              едік? Молда атын кѳтерген хайуан бар күшімен құлағымыздан
              тартқанда,  тістеніп  тұрып  тілімізді  тартқанда,  талайымыздың
              құлындағы дауысымыз құраққа шықпайтын ба еді?
                 Надан молданың осындай хайуандық әсерінен талайымыз-
              ақ «сабақ», «молда» деген сѳздерді естігенде денемізге суық су
              құйып жібергендей болмаушы ма едік.
                 Қазақтың  кейінгі  буын  балалары!  Хайуан  құлықты  надан
              молдалар  заманында  тумағаныңа  қанша  шүкірлік  қылсаң
              да аз.
                 Ал енді баланы ұрма, ұрыспа, сѳкпе дегеннен бала біржола
              тізгінсіз болсын, істеген істері туралы ешкімге жауап бермесін
              деген сѳз шықпайды. Абзалы, тәрбиеші баланың нашар істі ѳзі
              істемеуіне, нашар мінезден ѳзі қашуына тырыссын. Яғни ешкім
              айтпай,  қорқытпай,  баланың  ѳзі  жамандықтан,  нашар
                                          115
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124