Page 120 - Педагогика
P. 120

мінездерден  жиренетін  болсын.  Баланы  мұндай  қылып
        шығару  қорқыту,  үркіту  арқасында  емес,  бәлки  махаббат,
        жылы  сѳз,  жұмсақ  іс  арқылы  ғана  болуға  мүмкін.  «Жылы-
        жылы  сѳйлесе,  жылан  інге  кіреді»  есте  болу  керек.  Таяқ
        адамды емес, үйретсе аюды ғана үйрете алар.
           Жоғарыда біз бала істеріне жауапты болуға тиіс дедік. Бұл
        сѳздің  мағынасы  баланың  нашар  ісіне  жаза  шеттен  алынып
        келінбесін. Яғни бір нашар іс үшін баланы ұру, ұрсу, бір нәрсе
        бермеймін,  яки  бір  нәрсесін  алып  қоямын  деп  қорқыту
        жарамайды. Бұлай істегенде бала нашар істен сол істің нашар
        болғандығы  үшін  тыйылмайды,  бәлки  таяқтан,  сѳзден  аман
        қалу үшін, бір нәрсені алу, яки бір нәрседен айрылып қалмау
        үшін  ғана  тыйылады.  Ал  енді  бала  нашар  істен  сол  істің
        нашарлығын  біліп  тыйылсын  десек,  сол  істің  нашарлығын
        іспен  кѳрсету  керек.  Яғни  нашар  істің  нәтижесі  де  нашар
        болатынын бала іспен кѳрсін. Мысалы, ѳтірік айтқан адамның
        сенімі кетеді, ұрлық қылған адамның қадірі кетеді.
           Ұялу сезімі. Егерде біз ѳзіміз қымбат кѳретін адамдарымыз
        мінегендей  бір  мін  іс  істесек,  біздің  жанымызда  ұялу  сезімі
        болады.  Жер  жүзінде  ұялмайтын  адам  жоқ.  Бірақ  білімі,
        тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы да әр түрлі болады.
        Мысалы,  білімсіз  адам  айылын  жимайтын  істен  білімді  адам
        ұялып ѳліп қалады. Жұмсақ мінезді адам ұялшақ келеді. Ұялу
        оңай  нәрсе  емес.  Адамға  ұялудан  күшті  жаза  жоқ.  «Ѳлімнен
        ұят  күшті»  дейді  қазақ.  Қазақтың  бұрынғы  күнде  нашар  іс
        істеген  адамдарға  істеген  жазаларының  кѳбі  ұялту  болған.
        Мысалы, қазақтар әйелді қара ѳгізге теріс мінгізіп, бетіне күйе
        жағып, үстіне құрым жауып ауылды айналдырады екен. Әрбір
        елдің заңыңда ұялтуға негізделген жаза нағыз қатты жаза деп
        саналады.  Сондықтан  тәрбиеші  баланы  ұялтып,  жаза  қылуға
        ѳте  сақ  болуы  керек.  Ұялту,  келемеж  қылу  баланың
        жақсылыққа,  жоғарылыққа  ұмтылатын  барлық  ынтасын
        байлап,  ѳлтіріп,  баланы  жасық,  ынжық  қылады.  Бала
        қорғаншақ,  ѳзіне-ѳзінің  сенімі  жоқ,  жасқаншақ  болады.  Ұялу
                                     116
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125