Page 117 - Педагогика
P. 117
біреуіне аз беріп, арада күншілдік туғызбау керек. Жануарды,
малдың тѳлін, мысықты әуре қылғызып, ұрғызып үйретпеу
керек, бала қатал болып шығады.
2) Баланың маңайындағы адамдар балаға жақсы мысал.
Бала еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе ата-
анасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде, сѳйлегенде
ата-анасындай болуға тырысады. Ата-ана қатал болса, бала да
қатал; ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Қымс етсе
ашуланып, ақырып-бақырып қоя беретін ата-ананың баласы
да сондай. Сондықтан баланың маңайындағы адам дұрыс
мінезді болу керек.
Ѳзімшілдік ішкі сезімдердің біреуі – ашу. Екінші кісі
тарапынан бізге әдейі кѳлденең тартылатын бір бѳгетке,
кедергіге ұшырасақ, біздің жанымызда ашу сезімі пайда
болады. Бізге бір жансыз нәрсе зиян қылса, кедергі болса, яки
бір адам байқамай бізге кедергі жасаса, біз оған
ашуланбаймыз. Қысқасы, ашу сезімі адамда екінші бір адамға
қарсы ғана оянады. Баланың ашуланып қуыршақты, шыбықты
ұруы баланың сол нәрселерді жанды деп білуінен. Ашу ең
күшті дәрежеге, құтыру дәрежесіне жеткенде, адам ақылынан
айырылып, не істегенін білмейді. Балада қайрат әлсіз, бала
ѳзінің күшін шамалай алмайды һәм маңайындағы нәрсенің
бәрін жанды деп біледі. Сондықтан балада ашу сезімі тез
оянады: ол жылдам ашуланады. Баланың ашуы жылаумен,
айғай салумен һәм ашу тудырған нәрсеге зиян келтіруге
ұмтылумен жарыққа шығады. Бала қатты ашуланғанда не
шалқасынан, не етпетінен домалайды, жер тепкілейді. Қолына
түскен нәрсені тырнайды, тістейді. Баланың мұндай ашуын
бітіру үшін долданып жатқан баланы байқамағандай болу
керек. Бала ѳзі басылған соң, ұрыспай, жай ғана балаға былай
долданудың ұнамсыз екенін, түбі пайдасыз екенін ұқтыру
керек. Ашуланған бала сол ашуды туғызған нәрседен ѳш алуға
ұмтылады. Балаға ѳш алдырып үйретпеу керек. Адамнан,
малдан ѳш алдыру былай тұрсын, жансыз нәрседен де ѳш
113