Page 121 - Педагогика
P. 121

сезімінің  қарсысы  –  ѳзіне-ѳзі  разы  болу  сезімі.  Адамда  бұл
              сезім  басқалар  оны  жақсылағанда,  мақтағанда  болады.  Ѳзіне
              ѳзі  ылғи  риза  болып  жүретін  тәкаппарлық  сезім  пайда
              болады. Тәкаппарлық сезімі яғни адамның ѳзін ірі деп санауы,
              шектен шығып кетпесе, әрине, дұрыс сезім, дұрыс мінез. Бірақ
              шектен  шығып  кетпесін,  яғни  адам  ѳзінің  істері,  мінездері
              ірілігін  емес,  тѳмендігін  кѳрсетіп  тұрғанда,  ѳзін  ірі  адам  деп
              санайтын болмасын. Жоғарыда айтылған себептерден баланың
              ѳзіне-ѳзі разы болу сезімін ѳте сақтықпен тәрбие қылу керек.
              Баланың  ѳзін  мақтама,  ісін  мақта.  Мақтағанда  мақтауға
              тұрарлық  ісін  мақта.  Баланың  жеңіл  істерін  мақтай  беру
              балада  менмендік,  ретсіз  тәкаппарлық  туғызады.  Қайта  бір
              жеңіл  дұрыс  ісі  болса  да,  нашар  шәкіртті  мақтау  керек.
              Қалайда  мақтауға  мырза  болу  жарамайды.  Бір  шәкіртті,  бір
              баланы  мақтау  басқа  балалардың  рухын  түсіреді,  ынтасын
              ѳлтіреді. Ал енді жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін шәкірттерге
              сый (наград)  беру,  үлестіру  тіпті  дұрыс  емес.  Мұндайда  сый
              алған  балалар  сый  алу  үшін  ғана  тырысып,  кеуделеріне
              орынсыз  менмендік,  ретсіз  тәкаппарлық  кіріп,  сый  алмаған
              балалар күншіл һәм ѳзіне-ѳзі сенбейтін жасық болып шығады.
                 Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм достық. Аяу
              сезімі әр адамда болады. Адам бір нәрсені аяғанда бір мақсұт
              үшін  яки  сол  нәрсе  дұрыс  болғандықтан  аямайды,  тек  сол
              нәрсе  аяныш  кѳрінсе,  аяйды.  Біз  суға  батып  бара  жатқан
              адамды  кѳрсек,  осыны  құтқарып,  осыдан  олжа  алайын  деген
              оймен емес, ешбір ойсыз, жанымызды ѳлімте байлап толқынға
              кіріп  кетеміз.  Яки  біз  ѳзінің  тиісті,  жолды  жазасын  тартып
              жатқан,  яки  тартайын  деп  тұрған  бір  жазалы  адамды  кѳрсек
              те, аяймыз. Қасірет, бейнет кѳрген адам неғұрлым бізге жақын
              болса, сонша терең аяймыз.
                 Біреуді  біреу  аяп,  қайғысына  ортақтасқандай,  қуанышына
              ортақтаса  алмайды.  Біреудің  қуанышына  ортақтасу  орнына
              адамда күншілдік пайда болады. Бұл жалпы адамдықтың бір
              тѳмен, ұнамсыз мінезі. Бір ғалым айтыпты: қайғыға ортақтасу
                                          117
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126