Page 126 - Педагогика
P. 126

алдында  былық-былапыт  сѳздерді  сапырып  сѳйлеуіңді  қой.
        Қайдағы құдай атқан сѳздерді естіп ѳскен ұлыңда қандай әдеп
        болады, қызыңда қандай қылық болады?!
           Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары
        да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты кѳріп
        ѳскен  баланың  денесі  де,  қозғалысы  да  сұлу  болады.  Жер
        жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан
        жексұрын  дене,  жексұрын  жүріс-тұрыс  кемде-кем-ақ  шығар.
        Аяғы  қисық,  жауырыны  қушық.  Ақыл  қарында  тұратындай-
        ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-
        мыс! Семіз болып пысылдап отырса, айбынды «адам» болады-
        мыс!  Кейбір  мырзалар  сал  боламын  деп  жүргенде  қиқаңдай
        ма  керек,  бұраңдай  ма  керек,  қарап  тұрсаң  жүрегің  айнып,
        құсқың  келеді.  Осыларды  кѳріп  ѳскен  қазақ  баласының
        денесінде не сұлулық болады? Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын
        десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып
        ѳсір.  Адам  сұлулықты  сүйсе,  тазалықты  сүйеді.  Тазалықты
        сүйсе, оған ауру үйір болмайды.
           3) Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала
        неше  түрлі  сұлу  үндерді  естісін.  Неше  түрлі  сұлу  түрлерді,
        түстерді  кѳрсін.  Сұлу  сѳздер,  сұлу  ѳлеңдер  жаттасын.  Түрлі
        музыка  құралдарының  әуендерін  тыңдасын,  сурет  салып
        үйренсін, ән салып, музыка құралдарын ойнап үйренсін. Міне,
        осыларды естісе, баланың сұлулық сезімдері ѳркендейді. Білу
        керек, топас адам – тірі ѳлік.

















                                    122
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131