Page 129 - Педагогика
P. 129

пайдасын ѳз пайдасынан да ілгері қоюы шарт. Адам шын ізгі
              адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан
              бола  білсін.  Қазақтың  жазушысы  Міржақып  Дулатов  бір
              ѳлеңінде:
                 Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
                 Емеспін жемісі кѳп тамаша ағаш.
                 Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
                 Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш,–
                 дейді. Міне, алашты халық десек, халықты шын сүйген адам
              «жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті.
              Ѳз  елін  сүю  дегеннен  адам  ѳз  халқынан  басқа  халықтарды
              мейлінше  жек  кѳрсін,  басқа  халықтарға  қасқыр  болып  тисін
              деген  сѳз  шықпайды.  Бұлай  болса  жер  қанға  тұншығып,
              бұзақылық белең алып, жауыздық ѳрлеп, жер жүзінде тыныш
              тұрмыс  болмас  еді.  Европа  мемлекеттерінің  мына  1914
              жылдан  бері  қан  тѳгіп  жатқаны,  одан  бұрынғы  да  соғыстар
              бұған айқын дәлел. Әрбір халық бір-біріне жау болсын деп ұғу
              қате,  адам  ѳз  халқының  адамдарын  сүюінің  үстіне  басқа
              халықтардың адамдарын да сүюге міндетті. Міндетті ғана емес,
              еріксіз  сүймек.  Жер  жүзіндегі  адам  адамды  сүймек.  Бұл –
              адамның жаратылысындағы негізгі мінез.
                 Осы  жерде «дін  сезімдері»  деп  аталатын  сезімдер  туралы
              бір-екі  сѳз  айтып  ѳтейік.  Бірқатар  адамдарда  мынадай  бір
              пікір  бар:  адамның  құлық  сезімдері  күшті  болу  үшін,  яғни
              адам  ізгі  болу  үшін,  жауыздықтан  тыйылып,  еркіндікке
              ұмтылу  үшін  адамда  дін  сезімдері  күшті  болуы  керек.  Дін
              сезімдерінің  негізі –  дүниені  жаңартушы,  дүниеде  барлық
              нәрсені  істеп  тұрушы  бір  тәңір  бар  деп  сену  һәм  сол  тәңірге
              адам  ѳзін  пенде  деп  білу.  Тәңірінің  құдіреті  алдында  адам
              ѳзінің  әлсіздігін  сезіп,  тәңірге  құлшылық  қылу,  яғни
              жауыздықтан тыйылып, ізгілікке ұмтылу. Барлық кемшіліктен
              азат тәңірге жағу үшін барлық кемшіліктен безу.
                 Ізгілік  істесе –  тәңірінің  кѳңілін  табуға,  разылығын  алуға,
              махаббатын  тартуға  яғни  жұмаққа  кіруге  сену.  Жауыздық
                                          125
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134