Page 131 - Педагогика
P. 131

ҚҰЛЫҚ  СЕЗІМДЕРІН ѲРКЕНДЕТУ
                                   ЖОЛДАРЫ











              Қ     ұлық  сезімдерін  ѳркендету  үшін  тѳмендегі  жолдарды

                    кѳрсетуге болады.
                 1) Баланың маңайындағы адамдардың құлықты болуы.
              Бала ізгі құлық пен жауыз құлықты айыра алмайды. Оларды
              бала  маңайындағы  ересек  адамдардың  сѳздері  һәм  істері
              бойынша ғана айырады. Солар бойынша ғана ізгі мен жауыз
              құлық туралы ұғым жасайды. Мысалы, бала атасының ұрлық
              қылғанын білсе, ұрлық қылу ізгі құлықтан саналады екен деп
              ұғады.  Сондықтан  баланың  ізгі  құлықты  болуы  үшін  оның
              маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туысқандары ѳздері ізгі
              құлықты болуға тиісті. Ұяда не кѳрсе, ұшқанда соны қылады.
                 Және  баланың  бірге  ойнайтын  жолдастары  да  дұрыс,  ізгі
              құлықты болсын. Балаға ересек адамнан ѳзіндей бала жақын.
              Бала  ѳз  құрбысына  еліктегіш,  ѳз  құрбысының  тілін  алғыш,
              құлқына,  мінезіне  сенгіш  келеді.  Ѳзінің  ізгі,  жауыз  құлқын
              бала  құрбылары  арқылы  жарыққа  шығарып  әдеттенеді.
              Сѳгіседі, ұрысады, тѳбелеседі, ұрласады, ѳтірік айтысады. Осы
              себептерден  тәрбиеші  баланың  жолдастарының  дұрыс
              құлықты  болуларына  ѳте  ықтият  қылу  керек.  Балада  құлық
              сезімдерінің  бекуі,  кеңеюі,  тереңдеуі  үшін  балаға  әдебиеттен,
                                          127
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136