Page 136 - Педагогика
P. 136

тамақты  тілеуге  мүмкін  емес.  Және  адамның  жағымсыз  ішкі
        сезімі беретін нәрсені де тілеуі мүмкін емес. Бір нәрсенің суреті
        біздің  жанымызда  неғұрлым  ашық  болса  һәм  оның
        жанымызда жағымды сезім туғызуы бізге белгілі болса, біз сол
        нәрсені қатты тілейміз.
           Қайрат қалай жасалады? Қайрат тѳмендегі басқыштарды
        ѳтіп  барып  іске  асады.  Жанымызда  бір  тілек  бар.  Сол  тілекті
        іске  асырғымыз  келеді.  Тілектің  іске  асуының  тиістілігін
        бекітетін  себептер  дәлел  яки  мотив  деп  аталады.  Бұл –
        қайраттың бірінші басқышы. Ал енді бір тілектің іске асуының
        тиістілігін  кѳрсететін  қарсы  себеп  те  болады.  Қарсы  себеп –
        қарсы  дәлел  яки  контр  мотив  деп  аталады.  Дәлелге  қарсы
        дәлел шыққанда, біз бұл екеуін салмақтаймыз, салыстырамыз.
        Осы дәлел мен қарсы дәлел салмақтау дәлелдердің күресі деп
        аталады. Бұл – екінші басқыш. Егер дәлел мен қарсы дәлелдің
        қүші  бірдей  кѳрінсе,  адамда  толқу  пайда  болады.  Дәлелдер
        күресінен кейін ақырда адам екі жақтың бір жағына жеңгізіп,
        бетін бір жаққа түзейді. Бұл үшінші басқыш. Бетті бір жаққа
        түзеу  бекіту  деп  аталады.  Бекітуді  іске  асыру  орындау  деп
        аталады. Бұл тѳртінші басқыш. Орындау жолында адам түрлі
        бѳгетке  ұшырап,  бѳгетті  жеңе  алмай  қажып,  жасып,  бекітуін
        қайтып алуға мүмкін. Бұлай істемес үшін адам табанды болу
        керек. Табанды адам – қайраты күшті адам.
           Қайраттың  керектігі.  Қайрат  адам  ѳмірінде  аса  қымбат
        орын  алады.  Адамның  дене  һәм  жан  ісін  тізгіндеп,  белгілі
        жолға  салып  ѳркендететін –  сол  қайрат.  Мысалы,  нәресте
        шақта адамның денесі қайрат қатыспай ѳз бетімен қозғалады.
        Ес  кірген  соң  қайрат  жұмсалып  қозғалады.  Жүргенде  аяқ
        қозғалуы  сықылды.  Жан  ісінде  қайрат  іскерлікке  кѳп
        қатынасады.  Шынында,  қайрат  жұмсамай  адам  іскер  бола
        алмайды. Қайраттың ішкі сезімдерге әсері мол. Қайнап келіп
        қалған ашуды біз сол қайраттың қаруымен басамыз ғой.
           Қысқасы,  қайрат  адамның  барлық  ісін  тізгіндеп  жолға
        салмақшы,  жүзеге  шығармақшы.  Қайрат  арқылы  ғана  адам
                                     132
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141