Page 139 - Педагогика
P. 139
еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман
болмақшы.
2) Баланың қайраты күшті болуы үшін тәрбиеші баланың
барлық ісін тізгіндей бермей, әрбір істе балаға ерік берсін.
Бала ѳз еркімен денесін қозғап, жүгіріп үйренсін. Әсіресе
жанды жұмсап үйренсін. Яғни бала ѳз бетімен бір нәрсені
тілеп, сол тілектің алдын, артын тексеріп, сонан соң иә
болдыруға, иә болдырмауға ѳзі әдеттенсін. Сол уақытта
баланың қайраты ѳркендемек. Әрине, баланың ісі, тілегі
пайдасызға, зиянға айналып бара жатса, тәрбиеші кіріседі ғой.
Бірақ баланы ылғи тізгіндеуден сақтану керек.
Әдет. Әрбір іс дене ісі болсын, жан ісі болсын, алғаш
істелгенде бірталай қиындықпен істеледі. Екінші істелгенде
қиыңдық біраз жеңілденеді. Егерде кѳп істесек, ол істі тіпті
жеңіл істейміз. Және сол істі ылғи істегіміз келіп тұрады.
Істемесек, бір нәрсені жоғалтқандай боламыз да тұрамыз.
Белгілі шарттар болғанда, белгілі бір түрде іс істеу әдет деп
аталады. Мысалы, жазған уақытта саусақтарды былай ұстау,
әрине, қиын. Оған қанша қайрат жұмсалады. Бірақ біраздан
тіпті жеңілге айналады. Ойламай-ақ, ешбір қайрат жұмсамай-
ақ, саусақтарымыздың ѳзі солай икемделе береді. Адам
ѳмірінде әдет кѳп орын алады. Лейбниц деген ғалым адамның
барлық ісінің тѳрттен үшеуі әдет болады дейді.
Әдеттің адамға кѳп пайдасы тиеді: 1) Әдет арқасыңда адам
белгілі ғана істерді істеп, тақақтап ұшына шығады, анық
орындайды. Әрбір істің басын шала бермейді. 2) Істің
тиянақты, кѳрікті болуына себепкер, әдеттенген істі адам
тиянақты істейді. 3) Уақытты һәм күшті далаға жібермейді,
бәлки үнемдейді. Әдеттенген істі кѳп күш жұмсамай адам тез
һәм жеңіл істейді. Әдеттену болмаса, адам бір істің соңында
мыжып отырып қалып, басқа жаңа істерге уақыты болмас еді.
Әдет – әсіресе, тәрбиешінің қолында күшті құрал. Әдеттендіру
арқасында ғана баланы дұрыс жолға салуға мүмкін. Шекспир:
«Жақсы әдет – жақсылыққа бастайтын періште»,– дейді.
135