Page 140 - Педагогика
P. 140

Орыстың  тәрбие  ғалымы  Ушинский:  «Жақсы  әдет –  ѳсімге
        берген  ақша,  адам  ѳмір  бойы  соның  ѳсімін  пайдаланады.
        Жаман  әдет –  борыш,  адам  ѳмір  бойы  сол  борыштың  бір
        ѳсімімен азап шегеді»,– дейді.
           Адам  ѳмірінде  әдет  осындай  зор  орын  алатындықтан,
        тәрбиеші    барлық    күшін   жұмсап,    баланы   неғұрлым
        жақсылыққа  әдеттендіруге  міндетті.  Бала  нашарлыққа  бір
        әдеттеніп  қалса,  оны  қайта  түзету  оңай  нәрсе  емес,  есте  болу
        керек. Ауру қалса да, әдет қалмақ емес. Әдет тым бойға сіңсе,
        құмарлыққа айналады.
           Құмарлық шектен шықпай белгілі мѳлшерде болса, әрине,
        пайдалы.  Құмарлық  болмаса,  адам  ѳмірде  белгілі  бір  жолды
        қуып  та  кете  алмайды.  Бірақ  кѳбінесе  құмарлық  шектен
        шығып  кетеді.  Кѳбінесе  адам  бір  нәрсеге  құмар  болса,  басқа
        барлық  нәрседен  кѳзді  жұмып  безіп  кетеді.  Бір  тілекке  басқа
        тілектің,  бір  нәрсеге  басқа  нәрсенің  бәрін  құрбан  қылады,
        құмар  болған  нәрсенің  пайдалы,  пайдасызына  да  қарай
        алмайды.  Сол  құмарлық  жолында  ұяттан,  ардан,  барлық
        адамшылықтан  айрылады.  Мысалы,  қиссадағы  Қарынбайдың
        малға  құмарлығы  сықылды.  Маскүнем  адамның  арақ
        құмарлығы  сықылды.  Мұндай  құмар  адам –  сау  адам  емес,
        ауру  адам  болады.  Мұндай  құмарлық  адамды  ѳрге
        сүйремейді. Сондықтан тәрбиеші балада мұндай құмарлықты
        болдырмауға міндетті.



















                                     136
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145