Page 142 - Педагогика
P. 142

Темперамент. Әрбір адамның жаратылысы бойынша тума
        бір  түрлі  мінезі  болады.  Мысалы,  сыртқы  дүние  әсерлерінен
        ѳзінше  бір  түрлі  әсерлену  яки  ішкі  сезімдердің  ѳзінше  бір
        түрлі оянуы сықылды. Міне, осындай тума мінез темперамент
        деп  аталады.  Темперамент  тѳрт  түрлі.  Сангви  ник,  холерик,
        флегматик һәм меланхолик темпераменттері.
           1) Сангвиник темпераменті – сыртқы әсерлерді жеңіл һәм
        тез  алу,  бірақ  терең  ала  алмау.  Сангвиник  адам  ұшқыр,
        ойнақы, еті тірі болады. Бірақ бір әсерден екінші әсерге секіріп
        түсе беретін, бір әсерге аялдап тұра алмайтын тиянақсыз адам
        болады. Әрбір істі бастап тұрып, тастап кететін болады.
           2) Холерик темпераменті – сыртқы әсерлерді тез һәм терең
        алу. Холерик адам әрбір әсер артынан салпақтай бермейді. Бір
        алған  әсеріне  мықты,  бекем  болады.  Кѳздеген  мақсатын
        қадағаламай,  тиянақтамай,  жолда  шала  қалдырмайды,
        табанды, қайратты болады. Қиын-қыстау мәселені тез шешеді,
        тез  орындайды.  Бірақ  холерик  адамның  ашуы  шапшаң  һәм
        қатты болады. Сол ашу себебімен кѳп уақытта ұнамсыз істер
        істеп тастайды. Тіпті бір бет, қияңқы болады.
           3) Флегматик темпераменті – әсерлерді әлсіз алу һәм ішкі
        сезімдердің созалаң оянуы. Бірақ түбі берік болады. Флегматик
        адам – ауыр мінезді адам, түрлі әсерге кѳрсе қызар болмайды.
        Мәселені  тез  шешуге  асықпайды,  іс  істегенде  саспайды.
        Шапшаң  ашу,  қызу  мінез  болмайды,  салқын  қанды  болады.
        Басын  жарып,  кѳзін  шығарып,  жан  алып,  жан  беріп  істі  тез
        бастап  кете  алмайды.  Бірақ  бір  бастаса,  салпақтап  артынан
        қалмайды.
           4)  Меланхолик  темпераменті –  адамның  ішкі  сезімдердің
        билігінде  болуы,  ѳзінің  ішкі  сезімдеріне,  жалпы  айтқанда,
        ѳзінің  ішкі  дүниесіне  берілген.  Меланхолик  адам  аулақты
        жақсы  кѳреді.  Ешкімге  сенбейді.  Істе  қалтылдақ,  жасқаншақ
        болады.  Тұрмыста  кедергі  ұшыраса,  оның  жүні  жығылып,
        қайраты  сѳніп,  жасып  қалады.  Меланхолик  адамның  үміттен
        уайымы, қуаныштан қайғысы кѳп болады. Аз ғана кедергі оны
                                     138
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147