Page 146 - Педагогика
P. 146
кѳңілді болмақ. Балалықта жағымсыз әсер алынса, қорлық,
жоқшылық кѳрілсе, адам ѳмір бойы қасіретке бейім болмақ.
Екінші, бала ылғи іске ұмтылады. Дені сау бала тіпті қарап
отыра алмайды. Бірақ бала не істеуге һәм қалай істеуге
білмейді. Сондықтан ол ересек адамдардың не істегенін һәм
қалай істегенін ѳнеге қылады. Баланың еліктемпаз болуы
осыдан. Еліктеу, затында, тіпті теріс нәрсе емес. Еліктеу
адамның жаратылысында бар нәрсе. Еліктемейтін адам
болмайды. Себебі бар нәрсені ѳз ойымен таба алмайды, оған
ѳмір де жетпейді. Бәлки басқалардан қалған ұнамды нәрсені
ала қояды. Жалғыз-ақ жан ісі тіпті әлсіз балада еліктеу тым-ақ
күшті болады.
Жоғарыда айтылғанша, баланың жаратылысы ересек
адамның жаратылысынан басқа болғандықтан, тәрбиешінің
негізгі ұстайтын жолы:
1) Бала еліктемпаз болғандықтан, баланың ылғи сұлу һәм
құлықты әсерлер алуына ыждаһат қылу керек. Әсіресе
баланың ата-ана һәм тәрбиешісі – солардың ѳздерінің барлық
істері сұлу һәм үлгілі болуға тиісті. Баланың еліктейтіні –
солар. Және бала тіпті сенімпаз болады. Сондықтан баланы ѳз
күшіне ѳзін сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей
берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан
сақтану керек.
2) Бала ешбір уақытта іссіз тұра алмайтын болғандықтан,
балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала
ѳмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса, балаға
пайдалы іс берілмесе, ол уақытта бала ѳз бетімен қайдағы
нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді.
Ұзын сѳздің қысқасы, бала кәдуілгі адам болғанымен,
баланың жаратылысында кѳп басқалық бар. Мұхамбет
пайғамбар: «Сѳзді әрбір адамның ақылына қарай сѳйле»,–
депті. Сол айтқандай, балаға тәрбиені ѳзінің шамасына,
жаратылысына қарай беру керек. Жас бала – жас бір шыбық,
жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде
142