Page 145 - Педагогика
P. 145
БАЛАНЫҢ ЖАЛПЫ ЖАРАТЫЛЫСЫ
Б із кітабымыздың басынан бері жан кѳріністерін, яғни
ақыл, ішкі сезім һәм қайратты баяндадық. Ержеткен
адамға қарағанда баланың сол айтылған кѳріністері басқарақ
түрде болатынын білдік. Мысалы, баланың әсерленуі,
суреттеуі, ойлау һәм сезуі ержеткен адамнан әжептәуір басқа.
Баланың бұл жан кѳріністерінің әрқайсысының жеке- жеке
алғанда басқалығы болған сықылды, бұлардың бәрін тұтас
алғанда да басқалық бар.
Бірінші, баланың барлық жан істері бір-біріне берік
байланған болады, бірімен-бірі берік жүреді. Мысалы,
баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі, сезімі мен
қайраты – бәрі бірге іс қылады, бұлар бір-бірімен күресе
білмейді, бірін-бірі тізгіндей білмейді. Бала бір нәрсеге
ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі,
қайраты – бәрі бірге жұмсалады. Бала шақта алынған әсердің
ѳмір бойы естен шықпауының мәнісі сол: бала шақта алынған
әсер ержеткенде адамның ақылының, ой-пікірінің һәм
мінезінің қандай дәрежеде һәм түрде болуына негіз салады.
Балалықта ылғи жағымды әсер алынса, адам ѳмір бойы шат
141