Page 147 - Педагогика
P. 147
қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін
десең, сындырып аласың. «Баланы – бастан» деген сѳздің
мәнісі осы. Тәрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен
жіберу емес. Яки отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, кѳрбала
қылып ѳсіру де емес. Баланы тәрбие қылу – тұрмыс
майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару
деген сѳз. Қалса – ѳзін, асса – барлық адам баласын адал
жолмен ѳрге сүйрейтін ер шығару деген сѳз. Тұрмыста түйінді
мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін
қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола
білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі болатын
тѳрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қылу
үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай,
шаршамай үйрете білу керек. Данышпан Абайдың тѳмендегі
сѳзімен біз кітабымызды тамамдаймыз:
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.
143