Page 138 - Педагогика
P. 138

ҚАЙРАТТЫ ѲРКЕНДЕТУ
                              ЖОЛДАРЫ











        1    ) Тәрбиеші баланы денесін дұрыс билеп, дұрыс қозғалуға

             үйретсін.  Дене  мүшелері  қайраттың  тез  қозғалатың,  тез
        орындайтын қаруы болуға тиісті. Бала мүшелерін теріс қозғап
        үйреніп  бара  жатса,  тәрбиеші  тез  түзесін.  Сол  уақытта  бала
        қандай іске қай мүшені қозғау керек һәм қалай қозғау керек,
        соған  әдеттенбекші.  Жазғаңда,  тіккенде  саусақтарды  қалай
        ұстау сықылды.
           Тәрбиеші  баланы  әсіресе  жан  істерін  қайратқа  дұрыс
        бағындыруға  үйретсін.  Бала  әсіресе  тілегіне  қожа  бола
        алмайды.  Не  тілесе,  соны  жүзеге  шығарғысы  келеді.  Бала
        болмайтын  нәрсе  болмайды  деп  ұғады.  Тура  мағынасымен
        аспандағы  айға  ұмтылады.  Тәрбиеші  баланы  осындай
        қияңқылықтан сақтауға міндетті. Балаға әрбір тілектің алдын,
        артын,    болдыратын     һәм    болдырмайтын     себептерін
        салмақтатып,  тексеріп  үйретуге  міндетті.  Терең  тексеріп
        келіп,  тілекті  жүзеге  шығару  қайраттылық  болатыны
        сықылды,  тексеріп  келіп,  тілекті  тоқтатып  қалу  да  зор
        қайраттылық.  Есте  болу  керек:  арыстан  айға  шапса,  мерт
        болмақшы,  ѳтпес  жарлық  бойға  қорлық  болмақшы.  Тілектің
        алдын,  артын  тексеріп  үйренген  адам  балалықта  ебетейсіз
                                     134
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143