Page 128 - Педагогика
P. 128

тереңдей,  кеңейе  береді.  Яғни  адам  ақылы  тереңдеген  сайын
        дүниеде  ол  жалғыз  ѳзі  тұра  алмайтындығын,  басқа
        адамдармен  бірге  тұруға  мұқтаждығын,  ѳзінің  ойын  һәм  ісін
        басқа адамдардың ойлары һәм істерімен қабыстырып отыруға
        міндеттілігін,  яғни  ѳз  басына  келетін  пайдаға  ұмтылып,  ѳз
        басына  келетін  зияннан  безбей,  сол  ѳзгемен  бірге  дүниеде
        тұратын  басқа  адамдарға  да  пайда  келіп,  зиянның  болмауын
        тілеу  тиістілігін,  міне,  адам  білімі,  ақылы  тереңдеген  сайын
        осыларға  ұмтылады.  Яғни  оның  құлық  сезімдері  осылай
        тереңдейді.
           Мысалы,  балада  бір  ауыздан  анасын  сүю  сезімі  оянады.
        Ананы  сүю,  анаға  жауыздық  тілемей,  ізгілік  тілеу  деген  сѳз.
        Біраз  ес  білген  соң  туысқандық  сезімі,  яғни  араласып
        айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Онан соң
        білім тереңдеңкіреген кезде адамда елін сүю сезімі оянады. Ѳз-
        ѳзін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне
        алып  барады.  Бұл  сѳздердің  кѳрінісі –  ізгілік  деген  сѳздің
        дұрыс, һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның ѳзін сүюі,
        яғни  жауыздықтан  безіп,  ізгілікке  үмтылуы,  туысқандарын
        сүюі, яғни оларға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, ѳз елін сүюі,
        яғни  еліне  жауыздық  тілемей,  ізгілік  тілеу,  пайда  келтіріп,
        зиян келтірмеу, һәм басқаларға зиян келтірткізбеу, ең негізінде
        біткен  адамзатты  дос,  һәм  бауыр  кѳру  екен.  Міне,  кімде-кім
        ѳзін  сүйсе,  туысқандарын  сүйсе,  ѳз  елін  сүйсе,  әсіресе  біткен
        адам баласы бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз.
        «Әсіресе»  деген  сѳзді  қосуымыздың  мәнісі  мынау:  адамның
        ѳзін-ѳзі  сүюі,  туысқандарын  сүюі  бұл  ол  адамның  құлық-
        мінездерінің  тѳмен  тұрғандығын  кѳрсетеді.  Ѳзін-ѳзі  соқыр
        сезіммен  мал  да  сүйеді,  пайдаға  ұмтылады,  зияннан  безінеді.
        Туысқандарын  мал  да  сүйеді,  бие  құлынын  қорғайды.
        Адамның  шын  мағынасымен  адам  болуы  үшін  ѳзін  сүю,
        жақындарын  сүюмен  қанағаттанбай,  жалпы  адамзатты  сүюі
        шарт.  Ѳзінің  һәм  жақындарының  ғана  пайдасын  іздемей,
        жалпы  момын  халықтың  пайдасын  іздеуі  шарт.  Халық
                                    124
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133