Page 124 - Педагогика
P. 124
СҰЛУЛЫҚ ( ЭСТЕТИКА ) СЕЗІМДЕРІ
Ж аратылыстың һәм искусствоның сұлу заттары адам
жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл,
күңіренген орман, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ, шетсіз-
түпсіз қара кѳк теңіз, түрлі шѳптер мен толқынданған дала,
бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері,
ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне осылар сықылды
жаратылыстың сұлу заттары, кѳріністері яки искусствоның
тылсымдай жанды билеп алып кететін ән, сиқырлы сѳз, сұлу
картина сықылды әсерлері адам жаныңда бір ләззат, бір
сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Архитектура,
сұлу сурет (живопись), скульптура сықылды пластика
искусствосы адамның кѳру сезімін сиқырлап барып, жанда
сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу
нәрсені сүюіне, кѳріксіз нәрседен жиренуіне, хатта
жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тыйылуына кѳп кѳмек
кѳрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы
тәрбие қылынуға тиісті.
Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу. Әр адамңың сұлулық
сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі
120