Page 125 - Педагогика
P. 125
музыкадан, біреудікі сұлу суреттен, біреудікі поэзиядан.
Искусствоның әйтеуір ірі бір түрінен ләззат алмайтын,
біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің
міндеті – балада искусствоның қандай-қандай түріне ынта бар
екенін тауып, сол ынтасын, сол туғызатын сұлулық сезімдерін
ѳркендету. Ѳркендету жолдарынан тѳмендегі жолдарды
кѳрсетуге болады:
1) Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу.
Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың
былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын,
орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін;
жымыңдаған жұлдыздар себілген кѳк шатыр кѳкті, түрлі түсті
кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды кѳрсін.
Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында
болсын. Балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші
жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың іскерлігін аудара
білу керек.
2) Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза
болсын. Таза деген сѳзді қымбат деп ұғу қате. Тегінде
қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың маңайындағы
нәрсе қымбат болмасын, таза, ретті, тәртіпті болсын. Үйдің іші,
киім-кешек, ыдыс-аяқ – бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-
басы, денесі, беті-қолы – бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың
маңайындағы жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға
міндетті. Ұяда не кѳрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа
үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала былық
болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолымен мұрнын
сіңбіріп яки баланың нәжісін ұстап, қолын жѳндеп шаймастан
тағы асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің
былықтықты ырыс кѳруі надандықтың әбден асқынғандығы
ғой.
Баланың маңайындағы сѳйленетін сѳздер де әдепті, сұлу
болуға тиісті. Былық сѳздерді естіп ѳскен бала ѳмір бойы
былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау! Бала-шағаның
121