Page 130 - Педагогика
P. 130

істесе –  тәңірінің  наразылығын  алуға,  ашуына,  қаһарына
        ұшырауға  яғни  тамұққа  кіруге  сену.  Міне,  дін  сезімдерінің
        негізі  –  осы.  Осы  дін  сезімдері  күшті  адам  яғни  тәңірінің
        барлығына,  құдіретіне  сиынып,  онын  махабатын  алуға,
        қаһарына  ұшырамауға  ұмтылатын  адам  ѳмір  бойы  ізгілікке
        ұмтылып, жауыздықтан безбек.
           Дін  сезімдері  туралы  пікір  осы.  Бұл –  баяғыдан  бері  келе
        жатқан пікір. Бұл пікір туралы бұл күндегі үстем ой, ғылымға
        сүйенген үстем ой мынадай: дін сезімдеріне мұнша артық баға
        беру, адамды жауыздықтан бездіріп, ізгілікке ұмтылдыратын –
        дін  сезімдері  ғана  деп  ұғу  дұрыс  емес.  Құлық  сезімдері,  яғни
        адамның  жауыздықтан  безіп,  ізгілікке  ұмтылатын  мінезі
        адамның жаратылыстарында бар. Кісі ѳлтіру, ұрлық қылудың
        жауыздық екенін білу үшін дінді білу шарт емес. Ізгілікті сезу
        – адамның жаратылысына, табиғатына берік байланған нәрсе.
        Дін ескі емес, адам ескі. Дін ескі емес, жаратылыс, табиғат ескі.
        Ізгілікке  ұмтылдыратын  дін  адамның  жаратылысын  жасаған
        емес,  ізгілікке  ұмтылатын  адамның  мінезі  дінді  туғызған.
        Сондықтан  адамның  кұлық-сезімдеріне  дін  сезімдерін  негіз
        қылып  алу,  адамның  құлықты  болуын  дінді  болуына  байлау
        дұрыстыққа келмейді. Бұл – бір.
           Екінші,  адамның  бір  нәрседен  тыйылуы,  бір  нәрсеге
        ұмтылуы екінші бір затты сыйлағаннан, сол затқа жағыну үшін
        болмай, дұрыстық үшін болса, нағыз тынымды, тиянақты, игі
        ұмтылу һәм тыйылу осы болмақ. Бір адамды сыйлап істелген
        ізгілік  рия  болса,  «тәңіріні»  сыйлап  істеген  ізгілік  те  рия.
        Рияның  адамға  пайдасы  жоқ.  Рия  адамды  түземек  емес,
        бұзбақ. Кемшіліксіз идеал бар: адам дүниеде ісін идеал үшін
        істесін, идеал үшін тұрсын, және сол идеалдай түгел боламын,
        кемшіліксіз боламын деп ұмтылсын.








                                    126
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135