Page 114 - Педагогика
P. 114

Ішкі  сезім –  таза  жан  кѳрінісі.  Бұл –  бір.  Екінші,  әсерлену
        арқылы  біз  сыртқы  заттармен  танысамыз.  Ал  енді  ішкі  сезім
        арқылы біз заттарға, кѳріністерге баға береміз. Егер қадірлі деп
        тапсақ, жанымыз жағымды күйде болады, қадірсіз деп тапсақ,
        жанымыз жағымсыз күйде болады.
           Ішкі  сезімдердің  жасалуы.  Адамда  ішкі  сезім  болу  үшін
        біздің   жанымызда    бұрын    бірнеше   әсерленулер    һәм
        суреттеулер  болу  шарт.  Себебі  ішкі  сезім  бір  тұқымдас
        бірнеше    әсерленулерді   һәм   суреттеулерді   бір-бірімен
        салыстырумен  болады.  Мысалы,  біз «мына  қартина  әдемі
        екен»  десек,  сонда  біз  сол  картинаны  оймен  басқа
        картиналармен        салыстырып        айтып       отырмыз.
        Салыстырылатын  бұрынғы  мен  жаңа  екі  суреттердің
        бұрынғысы  ішкі  сезімнің  негізі  деп,  соңғысы  ішкі  сезімді
        оятушы  деп  аталады.  Негізгі  суреттеу  әр  адамда  әр  түрлі
        болады.  Әрбір  адамңың  ішкі  сезімі  сол  адамның  жанының
        қандай  күйде  тұруына,  оның  біліміне  һәм  денесінің  қандай
        күйде  тұруына  байлаулы  болады.  Мысалы,  бір  әннен  бір
        уақытта  жағымды  әсерлену,  екінші  уақытта  жағымсыз
        әсерлену алуға мүмкін, яки білімді, оқыған адам бір нәрседен
        жағымсыз  әсерлену  алғанда,  сол  нәрседен  оқымаған  надан
        адамның  алған  әсерленуі  жағымды  болуға  мүмкін.  Яки  сау
        адамның бір нәрседен алған әсерленуі жағымды болғанда, сол
        нәрседен  ауру  адамның  алған  әсерленуі  жағымсыз  болуға
        мүмкін.
           Ішкі  сезімдердің  сыртқа  шығуы.  Жаңда  болған  әрбір
        ішкі  сезім  сыртқа  шықпай,  яғни  денеге  әсер  бермей
        қоймайды,  не  бет  ѳзгереді,  не  дауыс  ѳзгереді,  не  жай  денеде
        бір әсер болады. Мысалы, ұялғанда бет қызарады, қорыққанда
        дауыс,  дене  дірілдейді.  Халық  ішкі  сезімдердің  орны  жүрек
        деп  біледі.  Бұл  пікірде  әжептәуір  дұрыстық  бар.  Шынына
        келгенде әрбір ішкі сезімнің болуына ми себепші, бірақ ішкі
        сезімнен  кѳп  әсерленетін –  жүрек.  Мысалы,  қуаныш
        уақытында жүрек жұмысын жылдам атқарады – «ойнайды»,
                                     110
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119