Page 107 - Педагогика
P. 107
болыпты. Бір уақытта осы мұғалім кеткен соң әкесі басқа бір
мұғалім алыпты. Бұл мұғалім де тапал екен. Сонда жаңа
мұғалімте бала айтыпты: «Мен сізден қорқам, сіз ашуланшақ
шығарсыз»,– деп. «Оны қайдан білдің?» – деп сұрайды
мұғалім. «Сіз де тапал екенсіз»,– депті бала.
Ойлаудың жан тұрмысы үшін керектігі һәм оны
ѳркендетудің тиістілігі. Ойлау адам ѳмірінде аса қымбат
орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды
заттарды, кѳріністерді құр жадына, есіне ғана алып, жат бір
кѳрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын
бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын,
тұрмысы қалай ѳзгеретінін білмейтін бір саңылаусыз соқыр
болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заттардың,
кѳріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар
қылған себептерді табады. Келешекте оларға ие болатынын
ойлап шығарады, келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай
білетін адам – шын мағынасымен адам.
Ойлау осындай қымбат кѳрініс болса, әрине, оны ѳркендету
керек. Әсіресе тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне кѳп
күш жұмсау керек. Тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала
ұғымды, хұкімді теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп
кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл адам
болып шығады.
Ойлауды ѳркендету жолдары. Ойлау – жанның ѳте бір
қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан
тәрбиеші баланың ойлауын ѳркендеткенде сақтықпен
басқыштап іс істеу керек. Ѳркендету жолдары мыналар:
1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық
суреттеулердің кѳп болуына ықтиһат қылу керек.
Әсерленулер, суреттеулер ѳздері аз болып және дұрыс һәм
ашық болмаса, баланың ұғым, хұкім жасауы һәм ой шығаруы
қате болады. Ойдың ѳзінің терең болуы үшін әсерлену һәм
суреттеулердің кѳп һәм ашық болуы керек. Қанша дегенмен
адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір
103