Page 105 - Педагогика
P. 105

кѳріністер  арасындағы  байлам  берік  болуға  тиісті.  Байлам
              берік болмаса, мысалы, бір кѳріністің жанында екінші кѳрініс
              уақытша  тұрған  болса,  нәтиже  шықпайды.  Мысалы,  қазақ
              кѳбінесе  тымақ  киеді.  Соған  қарап  қазақ  біткен  тымақ  киеді,
              тымақ  кимеген  адам  қазақ  емес  деп  нәтиже  шығару,  әрине,
              дұрыс  емес.  «Құтты  қонақ  келсе,  қой  егіз  табады»  деген
              сықылды ырымдар – бәрі индукцияның қаталығынан туған.
                 Индукцияның  керектігі.  Адам  білімін  осы  индукция
              арқылы ғана байыта алады. Әсіресе кем индукция арқылы. Біз
              индукция арқылы заттар, кѳріністер аралығындағы байламды
              белгілейміз,  негізгі  заңдарды  табамыз.  Заттар,  кѳріністер
              араларындағы  байламға  қарап  тап-тапқа  бѳлеміз.  Бұл –  бір.
              Екінші,  біз  аз  ғана  бақыланған  заттар,  кѳріністер  арқылы
              бақыланбаған,  кѳрмеген,  білмеген  сансыз  заттар,  кѳріністерді
              шешеміз.  Хатта  келешекті  де  болжаймыз.  Баланы  үйреткен
              уақытта  біз  оған  бірнеше  мысалдар  арқылы  жалпы  заңды
              баланың ѳзіне тапсырамыз.
                 Бірақ  біз  заттарды,  кѳріністерді  жақсылап  бақыламай,
              араларындағы  байламды  терең  тексермей,  асығып  үстірт
              нәтиже шығарсақ, бұл нәтижеміз қате болады. Осыдан сақтану
              керек.  Асығып  үстірт  нәтиже  шығару  балада  кѳп  болады.
              Ѳзінің аты бар, тоны бар бала жер жүзіндегі баланың бәрінін
              аты,  тоны  бар  деп  нәтиже  шығарады.  Дүниеде  аш,  жалаңаш,
              сорлы балалар бар десең, нанбауға мүмікін.
                 Аналогия.  Екі  заттың  бірнеше  ұқсас  сындары  бар  екенін
              тауып,  сол  екі  заттың  басқа  сындарының  да  ұқсас  екендігін
              ойлап шығару, екінші түрлі айтқанда, ойдың дербес кѳріністен
              дербес  емесіне  кѳшуі  аналогия  деп  аталады.  Мысалы,
              астрономдар (кѳк  ғылымына  жетік  адамдар)  айтады:  Марста
              біздің  Жердің  ауасындай  ауа  бар,  суындай  су  бар,  ендеше
              Жердегі  сықылды  Марста  да  жан  иесі  бар  дейді.  Міне,  бұл –
              аналогия бойынша шығарылған нәтиже.
                 Аналогия жай тұрмыста да, пәнмен бір нәрсені тексергенде
              де  кѳп  қолданылады.  Әсіресе  бала  кѳбінесе  осы  аналогиямен
                                          101
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110