Page 101 - Педагогика
P. 101
ОЙ ШЫҒАРУ
О й шығару қалай жасалады? Біз бір ұғымды екінші
ұғымға байлап қойып, яғни хұкім жасап қана
қанағаттанбаймыз, бәлки осы хұкімді басқа хұкімдермен
салыстырып, осы хұкімді анықтаймыз. Мысалы, біз
«Сәрсембай» һәм «ѳлу» деген ұғымды аламыз да, осы екеуінен
жасалатын «Сәрсембай ѳледі» деген хұкімді анықтау үшін
басқа хұкімдермен салыстырамыз, яғни «Сәрсембай һәм ѳлу»
ұғымдарын «адам» деген ұғымға байлап қараймыз, яғни
былай ой жүргіземіз: «Адам ѳледі. Сәрсембай – адам. Ендеше
Сәрсембай да ѳледі»,– дейміз. Осында біз «Сәрсембай ѳледі»
деген жаңа хұқімді ана бізге бұрыннан белгілі екі хұкімнен
шығардық, туғыздық. Міне, осы бір яки бірнеше хұкімдерден
жаңа бір хұкім туғызу ой шығару деп аталады.
Ой шығару үш түрлі жолмен болады: 1) дедукция, 2)
индукция, 3) аналогия.
Дедукция – ойдың бір жалпы заңнан дербес бір кѳрініске
кѳшуі, екінші түрлі айтқанда, жалпы ойдан жалқы бір ой
шығару дедукция деп аталады. Мысалы, жалпы адамзат
ѳледі деген ойдан Сәрсембайдың ѳлетінін шығарамыз. Кѳп
пәнді, әсіресе математиканы үйренгенде, дедукцияның кѳп
97