Page 103 - Педагогика
P. 103
не сенікі, не менікі. Жоқ, ол сенікі де емес, менікі де емес екен.
Ендеше мынау жылқы басқанікі.
Егер бірнеше силлогизмдер қосылып, солардың бірінің
нәтижесі екіншісіне негіз болып отырса, міне осылай бірнеше
силлогизмнен жасалған бір силлогизм күрделі силлогизм деп
аталады. Мысалы, Сәрсембай – адам, әрбір адам ѳз ұлтын
сүйеді, ендеше Сәрсембай да ѳз ұлтын сүйеді (бірінші
силлогизм). Сәрсембай ѳз ұлтын сүйеді, ѳз ұлтын сүйген адам
ұлтының бақыты үшін ѳз бақытын құрбан қылады, ендеше
Сәрсембай да ұлтының бақыты үшін ѳз бақытын құрбан
қылады.
Күрделі силлогизмдер де кѳбінесе сѳйлеудің сұлу болуы
үшін ортадағы нәтижелер қалдырылып, ең соңынан бір-ақ
нәтиже шығарылады, яғни күрделі силлогизм қысқартылады.
Қысқартылған күрделі силлогизм сорит деп аталады.
Сенека данышпанның сориты: «есті адам қанағатты,
қанағатты адам тиянақты, тиянақты адам кѳнтерлі, кѳнтерлі
адам қайғысыз, қайғысыз адам бақытты, ендеше кім есті адам
– сол бақытты».
Күрделі силлогизмдер де жабайы силлогизмдер сықылды
кесімді, шартты һәм бѳлмелі аталып үшке бѳлінеді.
Силлогизмнің дұрыс болу шарттары:
1) Екі қазбаның біреуі бекінетін болу керек. Әйтпесе екі
бекерлейтін қазбадан нәтиже шықпайды. Мысал: «Адам – мал
емес, маймыл – адам емес. Ендеше?».
2) Екі қазбаның біреуі екіншісіне қарағанда жалпы болсын.
Әйтпесе екі дербес қазбадан нәтиже шықпайды. Мысал:
«Кейбір адам ѳнерлі, кейбір адам қысық кѳз. Ендеше?».
3) Орта термин екі қазбадан да болсын, болғанда бір
мағынадағы бір ғана сѳз болсын, әйтпесе нәтиже шықпайды.
Мысал: «Наурыз – ұлт мейрамы. Менің атым Наурыз.
Ендеше?».
Силлогизмнің керектігі. Силлогизмнің жан тұрмысы
үшін пайдасы сол: негізгі бір заң бойынша толып жатқан
99