Page 67 - Педагогика
P. 67

заттың атымен жүргізіледі. Мысалы, сасырдың иісі, жұпардың
              иісі деген сықылды.
                 Тату сезімінің құралы – тілдің үсті. Сол тілдің үстіне тату
              нервтері тараған. Негізгі дәмдер мыналар: тәтті, қышқыл, ащы,
              тұзды, тұщы.
                 Иіскеу һәм тату сезімдері адамның жан тұрмысы үшін аса
              қымбат  сезімдер  емес.  Бұлар –  денемізге  қызмет  қылатын
              сезімдер.  Бұл  сезімдер  басқа  ішкі  сезімдерді  оятуға  ұста
              болады.  Мысалы,  жақын  адамның  иісі  сіңген  бір  нәрсені
              иіскесең, әлгі адамың есіңе түсе қалады.
                 Жас  бала  қолына  түскен  нәрсенің  бәрін  аузына  апарып
              салады. Мұның себебі ең алдымен оянатын – осы тату сезімі.
              Бала  қолына  түскен  нәрсені  татып  білмекші  болады.  Балада
              татудан соң оянатын сезім – сипау. Біраздан соң кѳру һәм есту,
              бәрінен соң иіскеу сезімі.




































                                          63
   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72