Page 66 - Педагогика
P. 66
сезімінің құралы – теріні түрлі зияннан сақтау керек. Теріні
кір басып кетсе, сипау сезімі топас болып қалады. Екінші,
балаға түрлі нәрсе бере беру керек. Сипау сезімі жақсы тәрбие
қылынса, тіпті ѳткір болады. Мысалы, кассада отыратын
адамдар саусағымен бір сипап жіберіп, қағаз ақшаның асылы
мен жасығын айыра қояды. Соқырлар қолымен ақшаларды,
һәм жазылған қағаз бен жай қағазды айырып біле алады.
Сипау сезімінің адамға қымбаттығы сонша, адамның
кѳрген, яки естіген нәрсесін ұстап кѳргісі келмей қоймайды.
Ет сезімі. Ет сезімінің құралы – терінің астындағы ет. Етке
келіп тараған қозғау нервтері бар. Ет сезімі арқылы біз ѳз
денеміздің қандай халде екені, яғни қозғалып тұр ма, тек тұр
ма, қозғалғанда қалай қозғалып тұр, тек тұрғанда қалай тек
тұр, міне, осыны білеміз. Бұл бір. Екінші, ет сезімі арқылы
түрлі заттардың салмағын білеміз.
Баланың еті оның ойыны мен секіруі, жүгіруімен ѳседі һәм
бекиді. Сондықтан баланың еті жақсы ѳсіп, берік болсын деген
тәрбиеші баланы ойыннан қыспау керек. Ал енді бала
мектепке кіріп, сабақ оқи бастағанда оған әлсін-әлсін
гимнастика жасату керек. Бірақ гимнастиканың шарттары бар.
Сол шарттар табылмаса, гимнастикадан пайда орнына зиян
шығады. Мысалы, гимнастика лайықты киімде, таза ауада
болсын. Әсіресе гимнастика бір міндетті іс сықылды, сабақ
сықылды болмасын. Мұндай гимнастикадан бала безіп кетеді.
Ет сезімі адамның жан тұрмысы үшін яғни адамның білімін
арттыруына кѳп кѳмек кѳрсетеді. Біздің сыртқы дүниедегі
заттар туралы толық білімді болуымызға осы ет сезім себепші.
Заттардың түрін һәм салмағын біз осы сезім арқылы ғана
білеміз.
Иіскеу һәм тату сезімдері. Иіскеу сезімінің құралы –
танаудың терісі. Сол теріде иіскеу нервтері бар. Ауада ұшып
жүрген иіс сол нервтерді қытықтап, одан әсер миға барады.
Иістің арнап қойылған аттары жоқ. Иіс не заттан шықса, сол
62