Page 68 - Педагогика
P. 68

ІСКЕРЛІК













        А     дам жанында әсерлену болу үшін жалғыз әсерлену ғана

              емес,  барлық  жан  кѳріністері  болу  үшін  бір  шарт  бар.
        Ол  шарт –  іскерлік.  Іскерлік  сыртқы  дүниедегі  бір  затқа  яки
        ішіміздегі  бір  жан  кѳрінісімізге,  ойға,  ішкі  сезімге,  қайратқа
        жанның  тѳнуі,  нүктеленуі  деген  сѳз.  Іскерлік  болмаса,  біз
        сыртқы  заттардан  әсер  алып,  олармен  таныса  алмаймыз.
        Ойымыздың  дұрыс,  ашық  болуы,  ішкі  сезімдеріміздің  жанды
        болуы,  қайратымыздың  түзу  бет  алуы  осы  іскерлікке
        байлаулы.
           Іскерліктің түрлері. Іскерлік тѳмеңдегі түрлерге бѳлінеді:
           1.  Әсер  берген  заттың  яки  кѳріністің  мінезіне  қарап  екіге
        бѳлінеді.  Еріксіз  іскерлік  һәм  ерікті  іскерлік.  Біз  тілемеген
        уақытта  яки  тілегімізге  қарсы  бір  нәрсе  біздің  іскерлігімізді
        еріксіз  тартса,  міне  осындай  уақытта  болатын  іскерлік  еріксіз
        іскерлік деп аталады.
           Мысалы,  біз  шын  ынтамен  бір  кітап  оқып  отырмыз.
        Іскерлігіміз  кітапта,  кенет  үй  артында  біреу  ән  шырқай
        бастады.  Сонда  осы  ән  біздің  іскерлігімізді  кітаптан  еріксіз
        тартып  алады.  Ал  енді  егер  біз  ѳзіміз  тілеп  бір  нәрсеге


                                     64
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73