Page 65 - Педагогика
P. 65

жанын шешіп береді. Грек данышпаны алдында тұрған кісіге:
              «Қане,  сѳйлеші.  Мен  сені  кѳрейін»,–  дейді  екен.  Мылқауға
              қарағаңда тума соқырдың ақылды, құлықты болуы һәм оның
              жанының, жүрегінің жұмсақ, нәзік болуы осыдан.
                 Адамның  әділеттілікті  сүю  сезімін  тереңдететін  де –  осы
              есту сезімі. Әдемі ән, сұлу күй бойды билеп, денені балқытып,
              адамға терең ой салмай ма?
                 Құлақтан қіріп бойды алар
                 Тәтті ән менен мұңды күй.
                 Жүрекке терең ой салар
                 Әнді сүйсең, менше сүй, –
                 дейді Абай. Күй адам жанын белгілі бір күйге түсіреді. Шат
              күй – шаттыққа, мұңды күй мұңға батырады. Кісі ѳлгенде ѳлім
              күйі,  тойда  қуаныш  күйі,  соғыста  адамды  есалаңдандырып
              кѳтеріп  жіберетін  соғыс  күйі  ойналуының  мәнісі  осы.  Грек
              елінде бір әдемі ертегі бар. Орфей деген күйші күйімен, әнімен
              тағы аңдарды ұйытып алады екен. Қазақтың әдемі ертегісінде
              Қорқыт қайда барса да алдынан кез келе берген кѳрден, яғни
              жанын жеген ѳлім туралы ойдан құтылам ба деп бір тоқтаусыз
              қобыз  тартатын  болыпты.  Қысқасы,  баланың  жаны  кетік
              болмай,  бүтін  болсын  десе,  тәрбиеші  баланы  әннен,  жырдан,
              музыкадан қашырмасын.
                 Сипау  сезімі.  Сипау  сезімінің  құралы –  адамның  терісі.
              Мидан  һәм  жұлыннан  шығып,  сипау  нервтері  теріге  келіп
              бұтақтанады. Сипау нервтерінің кѳп жиылған жері – қол. Қол
              болғанда,  саусақтардың  ішкі  жақ  бас  терісі.  Мұнан  соң –
              алақан,  тілдің  ұшы,  ерін,  мұрынның  ұшы,  саусақтардың
              сыртқы  жағы,  табан  һәм  жақ  терісі.  Сипау  сезімінің  ең  әлсіз
              жері – арқа.
                 Сипау сезімі арқылы біз заттардың үстін, яғни қаттылығын,
              тегістігін,   бұдырлығын,   ѳткірлігін,   топастығын   һәм
              ыстықтығын, жылылығын, суықтығын білеміз.
                 Баланың сипау сезімін жақсы тәрбие қылудың керектігінде
              дау  жоқ.  Сипау  сезімін  тәрбие  қылу  үшін  алдымен  сипау
                                          61
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70