Page 59 - Педагогика
P. 59
һәм қашықтықты кеш айыратын кѳрінеді. Міне, тәрбиеші
балада осы әсерленулердің дұрыс оянуына кѳмек кѳрсетуі
керек. Яғни ойнау үшін түрлі түсті доп, түрлі түсті қағаз һәм
ағаш беруі мақұл. Бұлармен бала түстерді айырып үйренеді.
Ал енді заттардың түрлерін беріп үйрету үшін балаға түрлі
зорлықта һәм түрлі қағаз һәм ағаш беріп, қағаздан түрлі
зорлықта, түрлі түрде кескізіп үйрету керек. Кѳру сезімінің
күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе – балаға сурет
салғызу. Сурет салу баланың кѳру сезімін ұлғайту үстіне
әдемілік сезімін де ұлғайтады.
Кѳру сезімінің жан тұрмысына керектігі. Сыртқы алты
сезім ішінде жан үшін ең қымбаты – осы кѳру сезімі.
Жанымызда болатын барлық әсерленулердің, екінші түрлі
айтқанда, біз барлық білімнің 3/4-ін осы кѳру сезімі арқылы
аламыз. Басқа сезімдер арқылы алынған білімдерді,
әсерленулерді кѳру арқылы анықтауға ұмтыламыз. Мысалы,
бір дыбыс естісек, сол дыбыс шығарған затты кѳргіміз келеді.
Хатта басқа сезімдерді жабайы, ѳтірікші кѳреміз. Кѳзбен
кѳрмеген соң қойшы дейміз. Адамның әдемілік сезімінің
ұлғаюына да кѳру сезімі кѳп кѳмек кѳрсетеді. Әдемі түс, әдемі
түр, жаратылыстың сұлу заттары, сұлу кѳріністері адамның
әдемілік сезімін тереңдетпей қоймайды.
Есту сезімі. Есту сезімінің құралы – құлақ. Мидан шығып,
құлақта есту нервтері бұтақтанады. Бір дыбыс осы есту
нервтеріне әсер береді. Әсерді нервтер миға алып барып, оны
оятып, мидан жан қабыл алып, жанда есту әсерленуі болады.
Есту әсерленулері екі топқа бѳлінеді: шу һәм дыбыс.
Белгілі бір тәртіпсіз шыққан түрлі дыбыс жиынтығы шу деп
аталады. Желдің зуылы, судың сылдыры, жапырақтың
сыбдыры, күннің күркіреуі сықылды. Ал енді белгілі бір
тәртіппен шыққан түрлі дыбыс жиынтығы тура дыбыс деп,
яки музыкалы тон деп аталады. Әннің әуені, домбыраның,
қобыздың күйі, адамның сѳзі сықылды. Адам сѳзі азғантай
ғана негізгі дыбыстардан яғни сол дыбыстардың бір-бірімен
55