Page 27 - Педагогика
P. 27

келіп ұйқылы-ояу талып жатқан баланы кѳріп: «Құлынымның
              тамақ  іздемей,  жыламай,  тәтті  ғана  ұйықтап  жатқанын
              қарашы!» – дейтін шешеге не дерсің?
                 Қазақ  қатыны!  Ѳзіңде  ѳзіңнің  қастығың  болмаса,  баланың
              аузын  астан  алмай,  аспен  ұрып  жығып,  болмаса  тамақ
              бермей,  аштан  қатырып,  талдырып  ұйықтатып  бала
              асырауыңды  қой.  Тамақты  беріп-беріп  балаңды  қарнын
              қапақтай,  бұтын  таяқтай  кѳк  қарын,  ши  борбай  қылма.
              Балаңды  аурулы  қылма.  Асты  мезгіл-мезгіл  беріп,  тәртіпке
              үйрет. Тамақты тәртіппен берсең, балаңның дені сау болады.
              Құр ас иесі қомағай болмайды. Аузынан ас түспейтін мешкей
              болмайды. Тамақты тәртіппен ішіп үйренген баланың мінезі
              де дұрыс болады.
                 Емшектен  айыру.  Бала  аурулы  болмаса,  бір  жасқа
              толғанда  ана  сүтінен  басқа  ас  ішіп,  біраз  тісі  (8-12)  шыққан
              болады.  Міне,  осы  уақытта  баланы  емшектен  айыру  керек.
              Айырғанда  күл,  кѳмір  сеуіп,  насыбай  жағып  әурелемей-ақ,
              емізуді  сиретіп,  баланы  бірте-бірте  (3-6  жеті  ішінде)  бездіру
              керек.  Ал  енді  кейбір  қатындардың  еркелеткеннің  жѳні  осы
              екен  деп,  5-6  жасар  балаларын  арда  емізіп  қоюлары  тым-ақ
              ұнамсыз іс. Ұнамсыз ғана емес, балаға да, анаға да зиянды іс.
                 Екі  жасар  һәм  үш  жасар  баланың  тамағы.  Екі  жасар
              баланың денесі әжептәуір берік болады. Сондықтан бұл жаста
              балаға бірте-бірте ет, нан сықылды күшті ас беруге мүмкін. Ет
              бергенде жеңілінен бастау керек. Ешкі, қой, сиыр еті. Жылқы
              еті ауыр. Оны 2-3 жасар балаға бермеген дұрыс болар.
                 Баланың асқазанына лайық нан – бидай ұнынан пісірілген
              нан. Балаға май ішкізу тіпті дұрыс емес. Кәмпит, пряник, ѳрік,
              мейіз сықылды тәтті беруге де жарамайды. Бір жасқа толмаған
              бала  түгіл,  2-3  жасар  балаға  да  қымыз  ішкізу  мақұл  емес.
              Қымыз  баланың  тынышын  алып,  мең-зең  беймаза  қылады.
              Екі-үш жасар балаға тәулікте тѳрт рет тамақ беру керек. Түнде
              емес, күндіз, тѳрт сағатта бір. Балаға тамақты бѳлек үйде беру
              артық (дұрыс).  Үлкен  кісілермен  бірге  ішіп,  бірге  жесе,
                                          23
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32