Page 19 - Педагогика
P. 19
ПЕДАГОГИКА БѲЛІМДЕРІ
П едагогика пәні беске бѳлінеді:
1) Жалпы педагогика. Адамның дене, һәм жан
күштерін, тәрбие жолдарын кѳрсетеді.
2) Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын керсетеді.
3) Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп белгілі
бір пәнді қалай оқыту жолын кѳрсетеді. Мысалы, мектепте
қазақ тілін қай жолмен оқыту керек екендігін үйрететін пән
қазақ тілінің методикасы деп аталады.
4) Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай
ұсталуға тиісті, сыныптарға шәкірттерді қалай бѳлу керек, оқу
пәнін қалай белгілеу керек, міне, осылар сықылды мектеп
құрылысы жұмыстарын кѳрсетеді.
5) Педагогика тарихы. Бұл пәннің не нәрсені кеңес
қылатындығы жоғарыда айтылды.
15