Page 15 - Педагогика
P. 15
ПЕДАГОГИКАМЕН ЖАҚСЫ ТАНЫС
БОЛУДЫҢ КЕРЕКТІГІ
Б алаға тәрбие бергенде әрбір тәрбиешінің алдымен
қолданатын жолы — ѳз тәжірибесі. Яғни бала күнде ѳзі
қандай тәрбие алған, һәм баланы бұрын ѳзі қалай тәрбие
қылған. Міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті
қисық жол деуге болмайды. Қисық болу былай тұрсын, тәрбие
туралы әрбір тәрбиешінің ѳз тәрбиесі - аса қымбат нәрсе.
Адамның ѳз тәжірибесі - жүріп кеткен жолы. Ол жолдың
жақсы-жаман жағы кѳз алдында сайрап тұр. Істегеннен кѳрген
анық. Кѳргеннен бастан кешкен анық. Бірақ бұл әркімнің ѳз
тәжірибесі қанша қымбат болғанмен, қатесіз жол деуге
болмайды. Бір адамның тәжірибесі тым тар, тым бірбеткей
тәжірибе. Тәрбиешінің ѳзіне қолайлы болған жол тәрбие
қылатын балаға қолайлы болмасқа мүмкін. Тәрбиеден мақсұт
— баланы тәрбиешінің дәл ѳзіндей қылып шығару емес.
Келешек ѳз заманына лайық қылып шығару ғой. «Балаңды
ѳзімдей бол деп үйретпе, ѳзімдей болма деп үйрет!» деген
Әзірет Әлінің сѳзінде кѳп шындық бар. Бұл – бір.
Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы — ұлт
тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылуы туралы ескіден
қалып келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі
11