Page 113 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 113

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ




                                          еРЛАн ЖҮніС

                                          (1984 æылы туған)

                                    Ерлан Жүніс 1984 жылы 7 қарашада Алматы
                                облысының    Жамбыл  ауданында  туған.  Мектеп-
                                те оқып жүрген кезінен поýзияға құштар жастың
                                «Жыр-перзент» деген алғашқы жинағы 2001 жылы
                                жарық  көрді.  Осы  жылы  республикалық  «Абай
                                оқулары»  байқауында  Бас  жүлдені  жеңіп  алды.
                                2002–2007  жылдар  ара лығында  М.Õ.  Дулати
                                атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің
             «Әлем  тілдері»  факультетінде  оқып  білім  алған.  Республикалық
             «Қазақ  әдебиеті»  және  «Айқын»  газеттерінде,  «Кентавр»  әдеби
             апталығында  қызмет  еткен.  Қазақстан  Жазушылар  одағында
             референт-кеңес ші болған.
                 2006  жылы  Õалықаралық  «Шабыт»  шығармашыл  жастар
             фестива лінде  «Әдебиет»  саласы  бойынша  Ãран-При  және  Пре-
             зидент  Кубогін  иеленді.  «Киелі  түндердің  дұғасы»,  «Егіз  кітап»
             («Twinbook») (2011), «Õауас» (2013), «Ғаусар» (2014), «Үміт жыр-
             лары»  (2015)  атты  жыр  жинақтары  жарық  көрді.  2012  жылғы
             Мемлекеттік  стипендияның  және  «Дарын»  жастар  сыйлығының
             иегері.





                       1-тапсырма.  Ақын  Ерлан  Жүністің  ел,  туған  жер,  Отан  туралы
                      тағы  қандай  өлеңдерін  білесіңдер?  Басқа  да  ақындардың  тәуелсіздік
                      тақырыбындағы өлеңдерін тауып, салыстырыңдар.




                       2-тапсырма. Өлеңнің толық мәтінін хрестоматиядан оқыңдар. Беріл ген
                      үзіндіні жаттап алыңдар.



                                                 98
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118