Page 35 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 35
8-тапсырма. «Адамның кейбір кездері» (қуаныш болғанда тасу, жа-
мандық келгенде жасып қалу т.б.) тақырыбына сыни ойтолғау жазыңдар.
АÉнАЛАÉын АқЖАÉық
Айналайын Ақжайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ балта,
Толғап ұстар күн қайда?
32