Page 32 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 32

Антитеза  (øендестіру) – 1) Кереғар ұғымдарды бетпе-
           !     бет қоятын айшықтаудың (фигураның) бір түрі. Екі зат ты
                 не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың,
                 ұғым ның,  нәрсенің  суреті,  сыр-сипаты,  кескін-кейпі
                 аңғарылады. Қазақ әдебиетінде фольклордан бастап қазіргі
                 қазақ әдебиетіне дейін қолданылады. Мысалы, «Қара жер-
                 ге  қар  жауар,  Қарды  көр  де  етім  көр»  («Ер  Òарғын»),
                 «Қар  –  аппақ,  бүркіт  –  қара,  түлкі  –  қызыл...»  (Абай).
                 2) Бүгінгі әдебиеттанудағы қарама-қарсылықты айқындау,
                 көбінесе ашық, антоним сөздер арқылы да беріледі. «Өссе
                 тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін»
                 (Ә. Òәжібаев).




                   Аллеãория  (тұспалдау)  –  ойды  орағытып,  тұспалдап
           !      айту.







                     Ãипербола (әсірелеу) – әдебиеттегі көріктеу тәсіл дерінің
           !     бірі, әртүрлі құбылысты немесе белгілі бір нәрсені шамадан

                 тыс асыра суреттеу тәсілі. Мысалы, «Қара арғымақ арыса,
                 қарға адым жер мұң болар»; «Астындағы бурылдың, Жоғар-
                 ғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп...» («Қобыланды
                 батыр»).




                      Литота  ( кіøірейту ) – заттың не құбылыстың қасиетін
           !     кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Батырлар жырын-
                 да,  өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған. Мысалы, «От
                 орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты» («Ер Òарғын»).








                                                 29
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37