Page 71 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 71

оқиғалары суреттеледі. Бас кейіпкер Аянның  соғыс зардабынан
        бақытсыздыққа ұшырағанына  қарамай, өмірге құштарлығы тура-
        лы айтылады.
            Жазушының бірқатар туындылары көптеген  шетел   тілдеріне
        аударылған.  1977  жылы  автордың  сценарийі  бойынша  «Тел
        өскен  ұл»  көркем  фильмі  түсірілді.  Сайын  Мұратбековтің
        алғашқы  әңгімелер  жинағы  «Менің  қарындасым»  деген  ат-
        пен  1961  жылы  жарық  көрді.  Одан  кейін  «Ауыл  оты»  (1964),
        «Көгорай»  (1967),  «Жабайы  алма»  (1972),  «Дос  іздеп  жүрмін»
        (1973)  әңгімелері  мен  повестері  басылып  шығады.  Автор  өз
        шығармаларында  қарапайым  халықтың  мақсат-мұраттарына
        жетуі жайлы әңгімелейді. Оның туындыларының басты кейіпкер-
        лері – ауыл зиялылары мен тұрғындары, балалар. С. Мұратбеков
        Ә.  Әлімжановтың  «Жаушы»  романын  және  «Көгілдір  таулар»,
        «Отырардан жеткен сый» повестерін қазақ тіліне аударды.




                  1-тапсырма.  Сайын  Мұратбековтің  шығармашылығына  байланысты
                 шағын  зерттеу  жүргізіңдер.  Çерттеу  нәтижесі  ретінде  жазушының
                 өмірі мен шығармаларынан хронологиялық кесте құрыңдар.




                       Жазушының  шығарманы  не  туралы  жазуын  тақырыбы
                   десек,  шығармадағы  суреттелген  өмір  құбылыстарына  оның
                   көзқарасы, қалай бағалаушылығы шығарманың идеясы болмақ.

                       Шығармадағы  оқиға  байланысы,  дамуы,  дәлелденуі,
                   шарықтау шегі, шешуі, құрылысы, адам образы, олардың жа-
                   салу жолдары – бәрі негізгі идеяны оқушыларға жеткізу үшін
                   керек.

                                                                   қаæым Жұмалиев











                                                 61
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76