Page 74 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 74
жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашын
үрлеп тұрды. Кекіліміз жоқ бізге оның сол қылығының өзі кере-
меттей сүйкімді көрініп, қызыға қарадық.
– Кекілін қара-ей, өзінің, жаман әліне қарамай, – деп қағытып
өтті Есікбай.
Біз күлкіміз келмесе де, оның сөзіне қошемет білдіріп
сықылықтай күлдік. Жаңа келген бала қызараңдап, теріс айналып
кетті.
– Ә... Мен білдім, – деді Садық мақтана дауыстап. Онан соң
әлгі баланың алдын орай өтіп:
– Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой, ә? Қоңыр
сиырларың бар ғой, ә? – деді.
– Иә, – деді, томсырайып тұрған бала оның сөзіне күлімсіреп.
– Қоңыр сиырымыз бар.
– Атың кім?
– Аян.
Біз, бәріміз, тегіс ұмытып қалмайық дегендей: «Аян, Аян»... –
деп күбірлесе қайталап қойдық.
– Жүр, жолдас боламыз, – деді Садық, оның аппақ білегінен
қап-қара қолымен ұстай алып. Аян оның қолына қарады да,
қызараңдап тұрып, ақырындап білегін босатты.
2
Күзде оқу басталып, жеті менен он жастың аралығындағы өңшең
бірөңкей балалар бірінші сыныпқа бардық. Бізді Иманжанов деген
шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған адамша дірілдей қалшылдап,
көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі оқытты. Бұл кісі
денсаулығының нашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім
екен. Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір-бір парақтан
үлестіріп беріп, әріптерді үйрете бастады. Аян екеуіміз бір партаға
отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті.
Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп,
тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана
өткенімізге көңілі толмай:
– Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен. Шіркін,
ағама хат жазар едім, – деп күңкілдейтін. Әрине, майдандағы әке-
64